ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ!!

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ!!

Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидромет РМК 2022 жылғы 8 ақпандағы
№ 5 и № 7 дауылды ескертулерінің негізінде Алматы қаласында, сондай ақ іргелес таулы аймақтарда 9 ақпанда (сәрсенбі) күні ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ болатыны туралы хабарлайды. Жаяу жүргіншілерге арналған ұсыныстар:
- есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуі күрт нашарлайды және жүргізушінің көлікті бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;
- көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
- абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз.;
- әрқашан алдыңызда аяқтың астына қараңыз;
- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
- қолыңызды қалтаңызда ұстамаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;
– есіңізде болсын, тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі жарақат алып құлайтын жерлер болып табылады.