Өрт сөндірушілер Бостандық ауданындағы тау бөктеріндегі тұрғын үйлерді өрттен аман алып қалды

Өрт сөндірушілер Бостандық ауданындағы тау бөктеріндегі тұрғын үйлерді өрттен аман алып қалды

Өрт сөндірушілер Бостандық ауданындағы тау бөктеріндегі тұрғын үйлерді өрттен аман алып қалды
2021 жылғы 12 тамызда, сағат 15:22-де "101" пультіне Бостандық ауданы, Нұр Алатау шағын ауданында қураған шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары шақыртудың жоғары дәрежедегі шақырту бойынша дереу жіберілді. Келген сәтте таудың баурайында 1 Га алқапта қураған шөп өртеніп, жеке тұрғын үй секторына оттың таралу қаупі төнді.
Қызыл жалынды жоюға жеке құрамынан 50 л/с және 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өртті сөндіруге қиылысқан жерлер және өрттің жануы биіктікте болғандықтан, өрт сөндіру техникасын жұмылдыруға қиындық туғызды, дегенмен 16 сағат: 08 минутта тұрғын үйлерге таралу қаупі жойылды!
Нұр Алатау ықшам ауданындағы тау бөктеріндегі құрғақ шөптер мен бұталардың жануы бойынша - өрт 17:45-те жойылды, қазіргі уақытта жеке өрт ошақтарының су төгу жұмыстары өткізілуде. Атқарылған шаралармен жеке тұрғын үйлерге өрттің таралуына жол берілмеді