
4 тамыз күні 09 сағат: 39 минутта өрт сөндірушілер Алатау ауданындағы Немировича-Данченко 21 көшесінде өрт орын алғаны туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақырту номерімен шықты. Оқиға орннына жеткенде, ангар типті қойма, жалпы алаңы 1000 метрде ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. өрттің одан әрі қоймаға және іргелес көрші қоймаларға таралу қаупі туындаған, дегенмен дереу өрт оқпандары енгізіліп, автоцистерналар ашық су көздеріне орнатылды.Өрт болған жерде Штаб құрылып, 2 жауынгерлік учаске құрылды, және жапсарлас орналасқан қоймаларға 11 әмбебап оқпан енгізілді және 1 лафеттік оқпан.
Өртті сөндіруге біршама шатырдың құрделі конструкциясына байланысты кедергі келтірді, атап айтқанда: қойма шатырының 1 қабаты- тегіс битум мастикасынан жасалған, 2 қабаты – ағаш жәшікке металл шифермен төселінген, соған қарамастан Өрт сөндірушілер авариялық-құтқару құралдарының қолданып құрылыс құрылымдарын бұзды.
Қабылданған шаралармен қоймаларда орналасқан тауарлық-материалдық құндылықтарды қорғауға және көршілес қоймаларға өрттің таралуына жол берілмеді.
Өрт сағат 10:50-де ауыздықталды, сағат 11:33-те сөндірілді, өртті сөндіруге 16 бірлік техника, жеке құрамның 40 адамнан астам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.