ТЖ департаментi балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiн құлпынай мен сыйлықтар сыйлап қуантты.

ТЖ департаментi балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiн құлпынай мен сыйлықтар сыйлап қуантты.

Халықаралық Балаларды қорғау күнi алматылық құтқарушылар "Жанұя" мамандандырылған кешенiне сыйлықтар алып барды."Қауiпсiз жаз" акциясы аясында құтқарушылар қауiпсiздiк шаралары туралы әңгiмелер өткiзiп, ойыншықтар мен тәттiлер және жадынамалар таратты.

Аталған балалар үйiнде  әртүрлi созылмалы аурулары бар, ақыл-ой кемicтiгi бар балалар оқиды, олардың 80 -нен астамы - жетiм балалар. Жаздың алғашқы күнi балалардың мерекесi ғана емес, жазғы каникулдiң басталып, демалыстар мен таңғажайыптар басталатын күн. "ТЖ департаментi қызметкерлерiнiң басты мақсаты- балалардың  каникул кезiндегi қауiпсiз ic-әрекеттерiн қалыптастыру"- деп атап өттi Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Самат Асаинов.

Балалар инспекторлармен бipге үйде, орманда өрттiң негiзгi  шығу себептерiнiң дағдыларын қайталап, шұғыл қоңырау шалу әрекеттерiмен  танысты. Бұдан әрi ТЖД қызметкерлерi Бостандық ауданындағы 1 балалар үйiне барып, әртүрлi ойыншықтар, балмұздақ және дәмдi құлпынай сыйлады.

Балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiн мерекемен құттықтаған Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары су айдындарындағы шомылу қауiпсiздiгi туралы да айтып өттi." Күн сайын адамдарға көмек көрсету үшiн 300 ден астам адам, 80 бipлiктен аса техника 12-15 рет шақыртуларға шығады.

Соған қарамастан бiз қайырымды icтер мен ауқымды шараларға қатысуға уақыт табамыз"-дедi Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Әлiбеков.