
16 мамырда таңғы 05 сағат 52 минутта ТЖД күштері мен құралдары Қарасу ықшам ауданы Солтүстік айналым 158 мекенжайына шақыртудың жоғары деңгейімен жіберілді.
Өрт сөндірушілер 06 сағат 00 минутта келгенде шатырлы 2 қабатты ғимараттың жертөлесі ашық жалынмен жанып жатқандығы анықталды. Ғимараттың жанындағы шатыр астында ағаш, картон қораптары мен шкаф жиһаздарының бөліктері сақталып, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары бұзылған.
Жертөленің жиһаз шеберханасындағы жоғары өрт жүктемесі өрттің тез таралуына ықпал етті. Үй-жайларда қатты қою түтін пайда болып, эвакуация жолдарын жауып тастады. Жалын бүкіл ғимаратты шарпыды.
Газ және түтіннен қорғау қызметінің барлау және сөндіру жұмыстары кезінде үш сатылы өрт сөндіргіш баспалдағымен шатырдан 6 адам құтқарылды. Зардап шегушінің біреуін өрт сөндірушілер қою түтін басқан түпкі бөлмеде ұйықтап жатқан жерінен құтқарды.
Өрт шыққан жерден өтіп бара жатқан Алматы қаласы ТЖД қызметкері Александр Чистяков қызметтен бос уақытына қарамастан бірден адамдарды құтқаруға кірісті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ол және тағы үш куәгер жертөленің терезесіндегі темір торларды сындырып, ер адамның сыртқа шығуына көмектескен, содан кейін олар техниканың өтуіне кедергі келтіріп тұрған автокөліктерді эвакуациялады.
Құтқарылған жеті адамға ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы дер кезінде медициналық-психологиялық көмек көрсетті.
Өртті сөндіру үшін өрт оқпандары беріліп, су көздеріне цистерналар орнатылды, сонымен қатар өрт сөндіру орнына су беруді «Алматы Су» су тасымалдаушылары ұйымдастырды, ғимарат ішіндегі жану өнімдерінің концентрациясын төмендету үшін өрт сөндіру машинасы қолданылды.
Қабылданған шаралармен қызыл жалыннан 7 адам құтқарылып, ғимараттағы тауарлы-материалдық құндылықтардың өртенуіне жол берілмеді.
Алматы қаласы ТЖД жеке құрамнан 41 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзғаны үшін ғимарат иесі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 410-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.