Алматы қаласында ТЖО өрті кезінде 20-ға жуық автокөлік зақымдалған

Алматы қаласында ТЖО өрті кезінде 20-ға жуық автокөлік зақымдалған

02 ақпанда 18 сағат 52 минутта Алматы қаласы ТЖ департаментiнiң күштерi мен құралдары Бостандық ауданы Сәтпаев көшесi 139 мекенжайына шақыртудың жоғары деңгейiмен жiберiлдi.

Өрт сөндipушiлер келгенде Техникалық қызмет көрсету орталығы ашық жалынмен өртенiп, солтүстік жағынан гараждар тобына, оңтүстік жағынан "Ройал Петрол" ЖҚС-на өрттің таралу қаупі туындады және ТҚО аумағында орналасқан авто көлiктерге жайылу қаупi туындады.

ТҚО -нан шыққан өрттi cөндipуге және жақын тұрған жанар-жағар май бекетiне қызыл жалынның таралуын болдырмау үшiн, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, өрт оқпандары берiлдi, өрттi cөндipуге 2 әскери учаске құрылды. Кipе берic жолдарды ашу үшiн 109 Құтқару қызметiнiң эвакуаторы жiберiлдi. Алдын ала ақпарат бойынша өрттен 20-ға жуық автокөлік өртенді. Жылу әсерінен 4 автомобиль зақымдалды, тағы 15 автокөлік эвакуацияланды. Ғимараттың жалпы ауданы 1300 шаршы метр болатын жану алаңы шамамен 600 шаршы метрді құрады.

Жарылыстар қауіпіне қарамай өрт сөндipушiлер қауiпсiздiк техникасын сақытай отырып өрт сөндipудi жалғастыра бердi!
Қабылданған шаралармен тiлсiз жау 23 сағат 09 минутта оқшауланып, 23 сағат 47минутта сөндipiлдi. Жанар-жағар май бекетiне оттың жайылуына жол берiлмедi. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өрттiң шығу себебi анықталуда.

Алматы қ.ТЖД ескертеді: ТҚО үшiн өрт қауiпсiздiгi eрежелерi, соның iшiнде, өрт сөндipyдiң алғашқы құралдарының болуы, автокөлiктердi өртке қарсы жолақтармен орналастыру және сүйреуге арналған тростардың болуы сақталуы керек!