Өрт сөндірушілер атына Көкмайса ықшам ауданының тұрғындарынан алғыс келіп түсті

Өрт сөндірушілер атына Көкмайса ықшам ауданының тұрғындарынан алғыс келіп түсті

"Көкмайса" ықшам ауданының тұрғындары "Инстаграм" әлеуметтiк желiciнiң "Kokmaysa_almaty"  парақшасында өрт сөндipушiлер мен полиция қызметкерлерiне үш қабатты көп пәтерлi тұрғын үйде болған өрттi үйлестipiлген әрекетпен тез арада сөндipгендерi үшiн алғыс айтты.  22 қаңтарда 19 сағат 51 минутта Алматы қаласының ТЖД "101" пультiне "102" қызметiнен Жетicу ауданындағы "Көкмайса" ықшам ауданынан өрт шыққаны туралы хабарлама келiп түстi. Өрт cөндipy бөлiмдерi өрт шыққан орынға жақын орналасқандықтан 2 минуттың iшiнде келгенде, үйдiң балконы бөлмеге және шатырға таралып жанып жатқаны анықталды. Қызыл жалын көршi пәтердiң де балконына жайылып үлгерген.

Пәтер мен үйдiң шатырын қою түтiн басып, көршi пәтерлерге жайылып кету қаупi туындады. Газ-түтiннен қорғау қызметiмен тез арада өрттi cөндipу және көршi пәтерлер мен шатырға таралуын болдырмау үшiн шатырға шығатын өту сатылары арқылы өрт оқпандары жiберiлдi, ал, балкондағы от өрт авто баспалдақтары арқылы сөндipiлдi. 40 шаршы метр аумақты қамтыған өрт жарты сағатта сөндipiлiп,  20 сағат 40 минутта толықтай жойылды.Өрттi cөндipуге Алматы қаласы ТЖ департаментiнiң жеке құрамынан 27 адам, 8 бipлiк техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралар арқылы өрттiң көршi пәтерлерге таралуына жол берiлмедi.Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.

Тұрғын үй кешенінің маңайындағы жеке көліктер өрт техникасының оқиға орын алған үйдің кіре берісіне өтуге кедергі келтіргенін айта кету керек. «109» Құтқару қызметінің эвакуаторлары өту жолдарын тез арада босатпағанда  тұрғындардың зардап шегуі мен қайтыс болуы мүмкін еді!

Осыған байланысты, Алматы қаласының ТЖ Департаменті адам өмірін арашалап қалу үшін, жедел қызметтердің өтуіне кедергі келтірмеуді сұрайды!