Алматы тұрғыны өртсөндірушілерге алғыс айтты

Алматы тұрғыны өртсөндірушілерге алғыс айтты

Алматы қаласы ТЖД бастығының атына Медеу ауданы Зенков көшесінде тұратын алматылықтан Тәтибеков көшесінде орналасқан дүкеннен шыққан өртті жедел арада сөндірген мамандандырылған №5 өрт сөндіру бөлімі мен № 7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтқан хат келіп түсті.
2020 жылғы 14 желтоқсанда 00 сағат 45 минутта өрт сөндіру көліктері өрт шыққан оқиға орнына жіберілді. Өрт сөндірушілер 4 минуттың ішінде келгенде «Мұхтар» азық-түлік дүкенінің 50 шаршы метр аумақта жанып жатқанын анықтады, қызыл жалын дүкеннің шатырына жайылып үлгерген. Оттың жанып жатқан дүкеннің оңтүстік жағында жарты метр қашықтықта орналасқан екі тұрғын үйге таралу қаупі туындады. Өртті сөндіруге және жақын орналасқан тұрғын үйлерді оттан қорғау үшін өрт оқпандары жіберілді. Өрт жауынгерлері газ кескіш арқылы үйдің шатырын ашып өрт оқпандарын өрт ошағына тікелей бағыттағандықтан өрт тез арада сөндіріліп, жарты сағаттың ішінде толықтай жойылды. Қабылданған шаралар арқылы қызыл жалынның тауарлы-материалдық құндылықтар сақталған дүкен ғимараты мен ательеге жайылуына жол берілмеді.
« Мен №7 ӨСБ мен №5 МӨСБ ұжымына үлкен алғыс айтамын және ауыр еңбектері мен кәсіби шеберліктеріне РАХМЕТ дегім келеді. Олардың ұйымдастырылған, жедел түрде атқарған жұмыстарын сыртынан бақылап тұрғанда өте жақсы әсер қалдырды, өрт жауынгерлеріне зор денсаулық және еңбектеріне табыс тілеймін»- деп жазылған алматылықтың хатында.