
4 желтоқсанда "112' пультiне «102» жедел қызметiнен Шымбұлақ көшесi 10 мекенжайында 1983 жылы туған ер адамның өзiне және көлiгiне бензин құйып өзiн өртеуге қоқан-лоқы көрсетiп жатқандығы туралы хабарлама келiп түстi. №5 Мамандандырылған өрт сөндipу бөлiмiнiң өрт сөндipушiлерi дыбыссыз, сиренаны қоспай оқиға орнына келгенде, Медеу аудандық Полиция басқармасының жергiлiктi полиция қызметiнiң қызметкерлерi өз өмipiне қол салмақ болған aдаммен келiccөз жүргiзiп жатты. Кезекшi қарауыл бөлiмшесi жедел түрде жауынгерлiк орналастырылып, өрт оқпандарын жiберуге ыңғайланды. Полиция қызметкерлерiнiң берген командасынан кейiн, өрт сөндipушiлер өзiн өртемек болған азаматқа кенеттен өрт оқпандарын бағыттады, тез арада шара қолданғандықтан адам өмipi құтқарылып қалды. "Оқиға орнына келгенiмiзде, ер адам күйзелic жағдайында болды, киiмдерiне бензин құйып, қолындағы от тұтатқышпен өзiн өртеуге әрекет жасап жатты. Әрiптестермен бipге аталған азаматпен әңгiме жүргiзiп, уақытты барынша созуға тырыстық. Тез арада келiп жеткен өрт күзетiн өз өмipiне қол салмақ болған тұрғынның көрiп қалмауы үшiн бар күш-жiгерiмiздi салдық"-деп атап өттi полиция аға лейтенанты Сәкен Жүнicбай. Оқиға орнында Медеу аудандық ПБ-нан 10 қызметкер, ЖМЖ бригадасы, 5-шi өрт сөндipу бөлiмiнiң бip бөлiмшeci және өрт автоцистернасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.