Қазақстандықтар жыл сайын 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтеді. Айта кетейік, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні жыл сайын жаңа ұранмен өтеді. Биыл Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні "Азаматтық қорғаныс және апаттар мен дағдарыстар кезінде жер аударылған адамдармен жұмыс; еріктілердің рөлі және пандемиямен күрес" ұранымен өтеді.
Мерекелеу күні 1972 жылғы 1 наурызда өз қызметін үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асыратын Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының құрылуына орайластырылған. Үш негізгі бағыт ол - азаматтық қорғаудың ұлттық қызметтерін нығайту; азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттау және тарату, халықты даярлау; ақ саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Біздің елге келетін болсақ, Қазақстан Республикасы 1996 жылдан бастап осы ұйымның толық құқықты мүшесі болып табылады және оның қызметінің негізгі бағыттарын іске асыруға белсенді қатысады.
Алматы қаласы ТЖД Алатау ауданының ТЖ басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) балалар мен қазіргі жастар арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға үлкен мән береді. Осыған байланысты Алатау ауданының жалпы білім беру мекемелерінде 198 оқушыны қамти отырып, сурет, шығарма және өлең конкурстары ұйымдастырылып өткізілді. 15 мектепте бейне роликтер көрсету арқылы арнайы сабақтар өткізіліп жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс барысында қатысушылар өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларымен танысып, әртүрлі дағдарыс жағдайлары туындаған кезде өзін және басқаларды қалай құтқару қажеттігіне үйренді.
Сонымен қатар, төтенше жағдайларда білім мен дағдыны қалыптастыру мақсатында Алатау ауданының 26 мектебінде барлық қажетті ақпаратпен танысуға болатын ақпараттық бұрышпен жабдықталды. Ақпараттық бұрышта қажетті мағлұматтар мен тақырыптық кітапшалар орналастырылды.
Алатау ауданының балабақшаларында балалар мен тәрбиешілердің қатысуымен "Азаматтық қорғаныс" тақырыбында спектакльдер ұйымдастырылып өткізілді.
Сондай-ақ, басқарма 227 оқушы мен 23 мұғалімді қамти отырып, №178 мектеп лицейінің базасында жинау (қабылдау) эвакуациялық пунктін өрістете отырып, жаттығу өткізді. Жаттығу кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде орындалуы қажет іс-әрекеттер іс жүзінде көрсетілді.
Сондай-ақ, 1 наурыз қарсаңында Алатау ауданының барлық өрт сөндіру бөлімдерінде оқушылар мен аудан тұрғындары үшін "Ашық есік күндері" жоспарланған, онда өрт сөндіру және құтқару техникалары, құтқарушылардың құрал жабдықтары, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары және азаматтық қорғау бойынша бейнероликтер көрсетіледі. Қонақтар мен балалар техниканың тактикалық сипаттамасымен таныса отырып, өрт сөндірушілердің жауынгерлік жабдықтарын киіп өрт сөндіру машинаның кабинасына отырып көре алады.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу жөніндегі барлық іс-шаралар халықтың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша хабардар болуына бағытталады.