Меню

Страницы

Статья

ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ММ, индексі 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 300 эл.мекенжайы, тел. 394-57-45, азаматтық қорғау орғандарынын төмендегі бос лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланады.

Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: Инженер өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік инспектор болып табылады; объектілерге өрт-техникалық зерттеп тексерулерді жүргізу, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, кәсіпорындар мен тұрғын үйлерде портативті бейнетіркегішті қолдана отырып, өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, объектілерді бақылау өрт-техникалық зертеп тексерулер кезінде нұсқамада көрсетілген жойылған әрбір бұзушылыққа ауызша түсініктеме беру; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қатаң сәйкестікте қарау, сондай-ақ өтініш берушілерге жауаптардың уақытылы тапсырылуы; Өз құзыреті шегінде өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру; Өзіне бекітілген шаруашылық жүргізу объектілерінде алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру; Бекітілген шаруашылық жүргізу объектілерінің өртке қарсы жағдайы туралы мәліметтерді ұсынады; Тапсырылған нұсқаманың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін бақылау-тексеру іс-шараларын жүзеге асыру; Азаматтық қорғау академиясына түсуге үміткерлерді іріктеу бойынша үгіттеу жұмысын жүргізеді; Төтенше жағдайлар басқармасы бастығы бекіткен кезекшілік графигіне сәйкес аудан бойынша жауапты болып кезекшілікке түседі. Кезекшілік кезеңінде өрттермен және басқа да төтенше жағдайлармен байланысты Алматы қаласы ТЖД ДЖБ-дан келіп түскен хабарламалар бойынша жедел шығуды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде шешім қабылдай отырып, хабарлама бойынша бастапқы тексеру материалдарын жинауды жүзеге асырады; Барлық қызметтік ақпараттық-коммуникациялық жүйелерде: Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ), ТСОБТ, ЭҚАБЖ, ЕЧБТ, СИОжПСО – ҚАО ААЖ және т. б. ақпаратты уақтылы, толық, нақты және сапалы енгізуді жүзеге асырады.ҚР БП Алматы қ. ҚСжАЕАКБ органдарында тіркей отырып, шаруашылық жүргізу объектілеріне тексеру жүргізеді; Тұрғындар, шаруашылық жүргізу объектілерінің басшылары, сондай-ақ әртүрлі санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер арасында объектілерде және тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; Жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығының іс-шараларын өткізуге қатысады; Төтенше жағдайлар басқармасы басшылығымен келісе отырып, басқармаларда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықты ақпараттандыру,сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатындабұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлейді; Қызметтік жұмыс шеңберінде ЖАО өзара іс-қимылды жүзеге асырады және хат алмасуды жүргізеді; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа бөлімшелермен, оның ішінде мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырады; Өзіне бекітілген шаруашылық жүргізу объектілері бойынша бақылау-қадағалау істерін жүргізуге, толық және оларды сапалытолтыруға жауапкершілікте болады; Басқарманың қызметтік жұмысынды анықталған проблемаларды және олардың туындау себептерін жою жөніндегі шараларды ұсынады; Ауданның сумен жабдықтау туралы объектілерінің жай-күйі туралы есептілікті және басқа да ақпаратты жинақтайды, дайындайды; ТСОРБТ базасына жауапты болып табылады, сондай-ақ күнделікті негізде басқарманың барлық жеке құрамына барлық қажетті мәліметтердің осы базаға толық, уақтылы енгізілуіне бақылауды жүзеге асырады; Апта сайын жұма күні басқарма басшылығына кесте нысанында өткен кезең үшін ж/қ ТСОБТ-да тіркелген тексерулер туралы мәліметтерді ұсынады; Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп суға түсуге тыйым салынған орындарды, сондай-ақ судағы демалыс орындарына профилактикалық рейдтер мен патрульдеуді жүргізеді; Өрт қауіпсіздігі желісі бойынша тексерулердің жартыжылдық жоспары бойынша жоспарлауға қатысады; Алатау ауданы аумағында орналасқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағынысты объектілері бойынша материалдарды қорытындылайды, есептік мәліметтерді, ақпаратты, анықтамаларды және т. б. дайындайды; Басқармада спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; Басшылықтың және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына оған мәлім болған азаптаулар мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларды қолдану жағдайлары туралы дереу жеткізу; Кәсіби, мәдени және дене бітімінің дамуын арттыру бойынша жұмыс істейді; Қызмет уақытын неғұрлым тиімді пайдалану үшін жұмысты жеке жоспарлауды жүзеге асырады; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауиды.

Негізгі талаптар: Жасы - 35 жастан аспаған, жоғары білім(өрт қауіпсіздігі, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі, Төтенше жағдайларда қорғау, Құрылыс, Құрылыс материалдарын, бұйымдарын менконструкцияларын өндіру, Электроэнергетика, Жылу энергетикасы, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, механика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Құқықтану, Құқық, Мұнай-газ ісі, Автоматтандыру және басқару, Стандарттау, сертификаттау және метрология, Логистика (салалар бойынша), Техникалық физика, Көлік құрылысы, Әскери іс және қауіпсіздік)

Жалақысы: жұмыс өтіліне қарай 130 575 теңгеден 181 053 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:                                        

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) белгіленген нысандағы сауалнама;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

4) өз қолымен жазылған, сондай-ақ басылған түрде жазылған өмірбаян;

5) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

8) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс өтілі болған жағдайда);

9) 3х4 көлеміндегі төрт фотосурет;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

12) құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижесі бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

13) справки о сдаче декларации о доходах и имуществе на себя и супругу (а) в двух экземплярах;

14) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

15) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және басқалар) (болған кезде) қоса береді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД Кадр саясаты басқармасында жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 300, тел.394-57-45.

Дата публикации
09 ноября 2021
Дата обновления
09 ноября 2021
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Пайдалы ақпарат
14 марта 2023
Алматы қаласының ТЖ департаменті 14 наурыздағы № 8 дауылды ескерту негізінде 15-17 наурыз аралығында қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталатыны туралы хабарлайды!
Газет
15 августа 2022
"Алматы құтқарушылары" №21, 2022ж

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы