Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы

Қазақ тарихының бетінде алтын әріптермен ойылып жазылған бір күн бар. Ол – 1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздікті жариялаған күн. Арғысы – Керей мен Жәнібек құрған Қазақ ордасынан басталса, бергісі – жаңа тарихымыз осы күннен басталады. Бірақ біз өткен тарихымызды ұмытуға тиіс емеспіз. Тарихын ұмытқан ұрпақ ұтылады. Өйткені, ол – жеңісі мен жеңілісі, жақсысы мен жаманы, самғауы мен құлдырауы, үміті мен күдігі, қасіреті мен қуанышы қатар өрілген біздің төл тарихымыз.

Тарих жолы түп-түзу бір сызықтың бойымен жүрмейді. Қазақ елі неше қилы замандарды басынан өткерді. Өткен тарихымызда ұялатын жеріміз жоқ. Қазақ халқының жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлығы, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы Тәуелсіздікке қол жеткізу болды. Осыдан тұп-тура 30 жыл бұрын Қазақ елін бүкіл әлем елдері мойындады. Әлі де мойындаумен келеді.

Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.

Сондай-ақ болашақта еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттердің қатарынан орын алатынына барлық қазақстандықтар күмәнсіз сенеді. Осындай секіріс жасау үшін барлық қоғамдық ресурстарды топтастыру мен жұмылдыруға тура келеді. Бай да бақуатты Қазақстан идеясы ел кеңістігіндегі ішкі ұлттық ынтымақтастықпен тиімді біртұтас рухани, мәдени, экономикалық және саяси жүйенің желісін айқындап, олардың қалыптасуына оң ықпалын тигізеді.

Қазақ халқының бір ерекшелігі – ұлттық тәрбиеге үлкен мән беруінде. Ежелгі ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы өз ұрпағын күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы сырнай үнімен, ғашықтық жырымен, асқақтата салған әнімен, мақал-мәтел, шешендік сөз, жаңылтпаш, айтыс-өлеңдерімен тәрбиелеп келгені шындық. Өйткені, бүкіл саят-санасы, әдет-ғұрпын ертегі, аңыздар, жыр – термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары, барлығы да айналып келіп тәрбиеге келіп тірелген.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың  асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек.

Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Сондықтан о бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді.   

Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде ата заңымыз қабылданып, ата заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы сот билігі өз біліктіліктерін көрсете білді.

Сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазіргі сот саласының айырмашылығы жермен көктей. Техника мен өркениеттің дамыған заманына тұспа-тұс келген біздің егемендігіміз қарыштап дамуда. ЖәнеҚазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін жақсарту мақсатында бірнеше жұмыстардың басын қайырды. Соның ішінде, Азаматтық қорғау.

Табиғат апаттарынан, төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын жүргізеді.Қазіргі уақыттағы зақымдаушы құралдардың қауіпті факторларының әсер етуін азайту немесе оларды жою жөніндегі іс-шаралар жүргізу, оны әзірлеу және іске асыру. 

Сондай-ақ ел аумағындағы авиациялық, зымырандық қарудың қатерінен қорғаудың стратегиялық міндетін орындайды.  Биыл міне, Тәуелсіздігімізбен қатар атаулы датасын атап өтуде.  

Еліміздің өз азаматтарының бас амандығын сақтау үшін жан-жақты күш салып жатқанда, халқымыз қашанда тәуелсіз, қорғаны мықты  болмақ.  Азаматтық қорғау – біздің қауіпсіздігіміз бен амандығымыздың,болашағамыздың айнымас кепілі.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын дегіміз келеді. Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңісіміз. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Мерекеміз құтты болғай.

 

Дата публикации
20 сентября 2021
Дата обновления
20 сентября 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Пайдалы ақпарат
14 марта 2023
Алматы қаласының ТЖ департаменті 14 наурыздағы № 8 дауылды ескерту негізінде 15-17 наурыз аралығында қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталатыны туралы хабарлайды!
Газет
15 августа 2022
"Алматы құтқарушылары" №21, 2022ж

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы