Меню

Страницы

Статья

Абайлаңыз! Алаяқтар!

Алаяқтықпен айналысушылар мемлекеттік өрт бақылау органдарының қызметкерлерінің атын жамылып, ақылы тексеруді жүзеге асырған. Мұндай келеңсіз жағдайларды біріге отырып жоюымыз қажет.

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер 2 түрге бөлінеді:

- Ерекше тәртіп бойынша;

- жоспардан тыс тексерулер.

ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес тәуекелі аз объектілер Ерекше тәртіп бойынша тексеруге ұшырамайды, ал ел Президенті жариялаған мораторийге (2023 жылға дейін қолданыста болған) сәйкес шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері Ерекше тәртіп бойынша тексеруге ұшырамайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мораторийдің қолданылу кезеңінде жоспардан тыс тексерулер адамдардың өмірі мен денсаулығына жаппай қауіп төнген жағдайда басқа мемлекеттік органдардан және қадағалау органдарынан келіп түскен өтініштер негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылған заңнамаға сүйене отырып, орта және ірі кәсіпкерлік объектілерін (кәсіпкерлік санатын сайтта ҚР ҰЭМ Арнайы тізілімінен біле аласыз https://egov.kz/cms/ru ) және мемлекеттік мекемелер Ерекше тәртіп бойынша жартыжылдық тексеру кестелері негізінде тексерілуі мүмкін. Айта кету керек, 30 күн ішінде сізге алдағы тексеру туралы хабарлама беріледі.

Тексерулердің барлық түрлері Бас прокуратураның жанындағы статистика органдарында тіркелетін тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері әрқашан белгіленген үлгідегі нысанды киіп жүретінін және өзімен бірге қызметтік куәлігі бар екенін естеріңізге саламыз. Көрсетілген қызмет үшін олар ақы алмайтынын ескерген жөн.

Құрметті аудан тұрғындары, егер сізді тексерумен келген болса, онда сіз тексеруді жүзеге асырудың негізін сұрауыңыз керек, сондай-ақ қызметкер сізге прокуратура органдарында тіркелген тексеруді тағайындау туралы актіні ұсынуы керек.

Сондай-ақ, пара беру ҚР Қылмыстық кодексімен, сондай-ақ оны алу арқылы жазаланатынын еске саламыз.

Дата публикации
26 апреля 2021
Дата обновления
26 апреля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Пайдалы ақпарат
14 марта 2023
Алматы қаласының ТЖ департаменті 14 наурыздағы № 8 дауылды ескерту негізінде 15-17 наурыз аралығында қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталатыны туралы хабарлайды!
Газет
15 августа 2022
"Алматы құтқарушылары" №21, 2022ж

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы