Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Т. Қожағапанов бекіткен 2021 оқу жылына арналған Алматы қаласы ТЖ Департаментінде АҚ саласында даярлаудан және қайта даярлаудан өту үшін тыңдаушылар тобының санаттарын жинақтау жоспарына сәйкес 21 сәуірде Департаментте «Жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру оқытушылары» санаты бойынша тыңдаушылармен, яғни 67 адамға онлайн оқыту курсы өткізілді.
АҚ саласындағы оқытудың мақсаты лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерде АҚ іс-шараларын ұйымдастыру және орындау бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру, алған білімді халық пен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау мүдделерінде пайдалануға әзірлікті және қабілеттілікті қысықтау болып табылады.
Төрт күндік курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар тестілеуден өтіп, оқытудан өткені туралы тиісті сертификаттарды алды.