Меню

Страницы

Статья

Алматыда қар көшкінін профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді. Дауылды ескерту жағдайы әлі сақталады!

"Қазгидромет" РМК ұсынымы негізінде, сондай-ақ "БАО-Космостанция" автожолы учаскесіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы ТЖД және "Қазселденқорғау" ММ мамандары қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстарын  ұйымдастырып өткізді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жарылыс әдісімен 8000 куб метр қар массасы түсіріліп, автокөліктің өтуі мен халықтың өтуіне қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

Қар көшкінін түсіруге "Қазселденқорғау" ММ Алматы қалалық пайдалану-техникалық басқармасының, "NORMAL WORK" ЖШС мамандандырылған ұйымының, "Апаттар медицинасы орталығының", ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, 1 кинологиялық есеп, барлығы - 31 адам, 9 бірлік техника жұмылдырылды.

Алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында ешкім зардап шеккен жоқ.

Жалпы, Алматы өңірі бойынша 165 көшкін қаупі бар учаскелер бар, олардың ішінде "Медеу" биік таулы спорт кешені , "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты  және Үлкен Алматы көлі аумағында орналасқан 18 көшкін қаупі бар учаскелер қала тұрғындары мен туристері үшін аса қауіпті болып табылады.

"Қазгидромет" РМК және "Қазселденқорғау" ММ бекеттері қар көшкіні жағдайына тұрақты мониторинг жүргізеді. Шұғыл шараларға "Қазселденқорғау" ММ Алматы қалалық пайдалану-техникалық басқармасының базасында авариялық-механикаландырылған бригада құрылып, тұрақты дайындыққа келтірілді.

қазіргі заманғы мониторинг жүйесінің көмегімен көшкін ахуалына мониторинг жүргізу процесін автоматтандыру мақсатында Алматы қ. ТЖ Департаменті қала әкімдігінің қолдауымен Кіші және Үлкен Алматы өзен алаптарында қар көшкіні қаупіне автоматтандырылған мониторинг енгізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жүйе әрбір көшкін қаупі бар учаскелерге нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізуге және тауларда барынша дәл және тиімді қауіпсіздік шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, таулы аудандарда жауын-шашынның түсуі және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайы салдарынан қар көшкінінің өздігінен түсуі мүмкін.

Осыған байланысты, Алматы қаласы ТЖД қар көшкінінің ықтимал еруіне байланысты тік қарлы беткейлерге шығуды ұсынбайды!

Дата публикации
13 марта 2021
Дата обновления
13 марта 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Пайдалы ақпарат
14 марта 2023
Алматы қаласының ТЖ департаменті 14 наурыздағы № 8 дауылды ескерту негізінде 15-17 наурыз аралығында қар көшкіні қаупінің жоғары деңгейі сақталатыны туралы хабарлайды!
Газет
15 августа 2022
"Алматы құтқарушылары" №21, 2022ж

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы