Сведения о вакантных руководящих должностях Департамента по чрезвычайным ситуациям г.Алматы и ГУ «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ» ДЧС г.Алматы и требования, предъявляемые к кандидатам на их замещение

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті және Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар

Бос басшылық лауазымының атауы

Бос лауазымдар саны

Бос басшылық лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті

Жоспарлау және жедел басқару орталығы бастығының (Басқарма құқығында) орынбасары

1

Біліміне қойылатын талаптар: жоғарыдан төмен емес.

Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі қажет:

С-SVО-3 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:

1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-5, C-OGP-5, C-RGP-2, C-AGP-6, C-KGP-3, C-OKGP-3, В-PK-5, В-PKО-4, C-SV-5, С-SVО-4, C-SVR-3, C-SVU-4, C-SN-4, С-SSP-4, C-SGU-7, С-FM-4, С-FMО-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда не нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;

2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында не А-4, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, оның ішінде басқарушы лауазымдарда үш жылдан кем емес;

5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы

1

Біліміне қойылатын талаптар: жоғарыдан төмен емес.

Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі қажет:

C-SGU-1 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі «Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығымен (бекітілген Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20391 болып тіркелген) бұдан әрі – № 67 бұйрық) 8-тармағында көзделген талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс.

Кәсіби қызметін тиімді орындау үшін қажет басқа да талаптар: Жоғары тұрған басшы лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қатарынан тағайындалады.

«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары

1

Біліміне қойылатын талаптар: жоғарыдан төмен емес.

Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі қажет:

C-SGU-2 санаты лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі № 67 бұйрықтың 10-тармағында көзделген талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс.

Кәсіби қызметін тиімді орындау үшін қажет басқа да талаптар: Жоғары тұрған басшы лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер қатарынан тағайындалады.

Дата публикации
11 ноября 2024