2023 жылдың тамыз айында АЛМАТЫ қаласының АУМАҒЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ФАКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ-АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

2023 жылдың тамыз айында Алматы қаласының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 410  төтенше жағдай тіркелген (1-кесте), бұл 2022 жылғы кезеңмен салыстырғанда 10%-ға  аз (2022ж. - 457). Бұл ретте 58 адам зардап шекті
(2022ж. – 51, +14%), оның ішінде 13 адам қаза тапты (2022ж. – 11,+18%) (2-кесте).

Тіркелген 410 төтенше жағдайдың 403 немесе 98% техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар,  7 немесе 2%  табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сілкінісі).

  403 техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың ішінде:

- 399 өрттер (2022ж. – 442, -10%), 53 адам зардап шеккен  (2022ж. – 29), оның ішінде 13 адам қаза тапты (2022ж. – 9  адам, +44%);

- 4 ГАҚ жарқылы (2022ж. – 8, -50%), онда 5 адам зардап шеккен (2022ж.– 13,
-61%
), қаза тапқандар жоқ.

Дабыл бойынша 1896  шығу жасалды (2022ж. – 1896), оның ішінде өрттерге – 399 (2022ж. – 442, -10%), авариялық-құтқару жұмыстарына – 81 (2022ж. – 103, -21%), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 1197 (2022ж. – 1109, +8%),  халықтың қырағылығына – 174 (2022ж. – 197, -12%), облысқа – 45 (2022ж. – 42, +7%). 117 адам құтқарылды (2022ж. – 127,-8%), 518 адам қауіпсіз жерге көшірілді (2022ж. – 327, +58%).

 

Дата публикации
07 сентября 2023