Алматы қаласы ТЖД-ның 2020 жылғы І тоқсандағы жұмыс қорытындысы туралы ақпарат

2020 жылдың бірінші тоқсанында 138 өрт тіркелді (2019 ж. - 139), 1-ге төмендеген.  Бұл ретте 3 адам құтқарылды (2019 ж. - 2), қауіпті аймақтардан 58 адам эвакуацияланды (2019 ж. - 267; -4,6 р.). Тұрғын үй секторында 1 адам қайтыс болды (2019 ж. - 7). Өрттерде 6 адам жарақат алды (Алатау – 3, Бостандық, Жетісу мен Түрксібте 1-ден). (2019 ж. - 7).  

Өрттердің жалпы саны төмендегеніне қарамастан, бірқатар ауданда оның саны өсуде, мысалы: Медеу - 53%-ға (+7), Алатау - 29%-ға (+7), Түрксіб - 20%-ға (+4), Наурызбай - 15%-ға(+2).

  Алатау ауданында өрттерде жарақат алғандардың саны 2 адамға өсуі және қайтыс болғандардың саны 1-ге өскені, бақылаудағы объектілерде 3 өртке өсуі байқалады.

Өрттің туындауынсыз улы газбен уланғандардың саны - 18 адам (2019 ж. - 17), оның ішінде:

- Наурызбай ауданы – 7 (2019 ж. - 7);

- Медеу ауданы - 4 (2019 ж. - 0);

- Алатау ауданы - 4 (2019 ж. - 5);

- Бостандық ауданы - 1 (2019 ж. - 5);

- Жетісу ауданы – 1 (2019 ж. - 0);

- Түрксіб ауданы – 1 (2019 ж. - 0).

Жылыту маусымында орын алған өрттерді талдау мынаны көрсетті: тұрғын үй секторында өрттердің саны 6%-ға өсіп, 255 жеткен, ал 2019 жылы – 241 болды.  10 адам қайтыс болды (2019 ж. - 10), бұл ретте жарақат алғандардың саны 2,5 есе көбейіп, 33 адамды құрады, ал былтырғы жылыту маусымында 13 адамды құраған.      

Өрттерде жарақат алғандардың көбеюі қаланың 5 ауданында байқалады:

- Түрксіб ауданында – 5 адамға;

- Алатау мен Наурызбай аудандарында – 4-ке;

- Бостандық пен Медеу аудандарында – на 3 адамға.

Қар көшкініне қарсы қауіпсіздік

Қазіргі таңда Кіші және Үлкен Алматы өзендері бассейндеріндегі орта таулы жерлерде қар жамылғысының биіктігі  21 - 71 см құрайды (нормалар шегінде).

Қазіргі уақытта температура аясының көтерілуінен және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайынан тауларда көшкін қауіпі сақталуда, осыған байланысты ДЖББ, ІСКТ Қазселденқорғаумен бірге «Қазгидромет» РММ-нен дауылды ескертулерді алғаннан кейін СМС-таратулар және ақпараттық агенттіктер арқылы қала тұрғындарын құлақтандыруды жүзеге асыруы қажет.  

Тасқын суға қарсы қауіпсіздік

2019 жылғы қазаннан 2020 жылғы 13 сәуірге дейінгі ылғал жинау кезеңінде шауын-шашын 1,7%-ға нормадан аз жауған және 406 мм  нормада ол орташа 399 мм құрайды. Ылғыл қоры 92 мм нормада 37мм құрайды.

2020 жылдың сәуіріне берілген ауа-райы болжамы бойынша осы айда орташа ауа температурасы плюс 12°С күтілуде, бұл 1°С нормадан жоғары (норма:+11°С). Бір айдың ішінде шауын-шашынның көлемі нормадан жоғары болатыны күтілуде (норма: 105 мм).

Былтырғы жылы су тасқынына қауіпті 26 учаске есепке алынды, оның ішінде 9 участкеде тәуекелдер толық жойылды, қалған 17 участке бойынша ағымдағы жылы оларды одан әрі іске асыруымен ЖСҚ әзірленетін болады. 

Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылады, аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері әкімдіктермен бірге су тасқынына қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізіп, соңғы су басқан жағдайларды ескере отырып, әрқайсысы бойынша нақты шешімдерді ұсынумен тізімдерге түзетулерді енгізеді.   

Селге қарсы қауіпсіздік

Моренді көлдерді босату бойынша алдын алу іс-шаралары ағымдағы жылғы маусымда басталады. Осыған байланысты Қазселденқорғауға Алдын алу жұмыстарының жоспар-графигін жасап, жұмыс мердігерін анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімін күні бұрын жоспарлау керек. Бөлінген ұшу сағат санын салыстырып, құбырлар мен басқа да материалдардың авариялық қорын тексеру керек. Олардың санын салыстыра тексеріп, Көлдерде жүргізілетін алдын алу жұмыстарының жоспарын ТЖД-ға жіберу керек. №1 Қарғалы көлі бойынша жұмыс жоспарын жеке енгізу керек.

Сел құбылыстарынан қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде ЗҚАжАҚСББ Үлкен мен Кіші Алматы, Қарғалы мен Ақсай өзендері бассейндерінде сел қауіптілігін АМЖ 21 станция құрылысының екінші кезеңін іске асыруына мониторингті жүргізеді.

- карантин кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар: Алматы қаласында 1525 құтқарушы қызмет өткерудің ерекше режиміне ауыстырылды. Тәулік сайын шұғыл тұрде әрекет ету үшін қызметке 355 адам, 118 техника мен 4 әуе кемесі шығады.

Департамент медициналық қорғау маскалары мен колдарды дезинфекциялау үшін құралдармен қамтылған. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары Департаменттің жеке құрамының денсаулығы жағдайына, оған қоса барлық үй-жайлар мен техниканы дезинфекциялау құралымен апта сайынғы тазалауға мониторингті күшейткен, бетперде жұмыс режимі сақталуда.   

 

Дата публикации
06 апреля 2020