Устіміздегі жылғы 31 шілдеде Алматы қаласының әкімінің орынбасары А.К. Әмриннің, ТЖД бастығының міндетін атқарушы Е.Ә.Әлібековтің қатысуымен мегаполистің сел қауіпсіздігін бақылау және мониторинг жүргізу мақсатында мореналық көлдердің жай-күйіне аэровизуалды зерттеу жүргізілді.
Тікұшақпен ұшып бақылауға «Қазселденқорғау» ММ, қалалық ТЖД және мамандары қатысты. Мұздық көлдердің, сондай-ақ Ақсай, Қарғалы, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінің жағдайына бағалау жүргізілді.
Алматы маңында 51-ден астам мұздақ және мұздық көлдер анықталған, олардың 6-да ағымдағы жылы сел қаупін төмендету бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Температураның жоғарылауына байланысты мұздықтардың қарқынды еруі байқалады, олар қысқы қардан шамамен 80-100% арылған. Қауіпті көлдерде белсенді су ағызу жұмыстарының есебінен су деңгейі ең жоғары деңгейден төмен.
Мореналық көлдердің жай-күйін тәулік бойы бақылауы Қазселденқорғаудың 9 тұрақты және 10 маусымдық гидробекетерде жүзеге асырылады. Алматы әкімдігінің қолдауымен олар тұрғын үй модульдерімен, тіршілікті қамтамасыз ету құралдарымен, гидрометеорологиялық және байланыс құралдарымен жабдықталған.
Мұздық көлдерден су ағызу бойынша алдын алу жұмыстарына барлығы 40 адам кірісіп, қажет болған жағдайда бульдозерлер іске қосылуда, эвакуациялық каналдарды тазалау және тереңдету жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының таулы жерінде ауа температурасы жоғары және жауын – шашынның юлжамысна байланысты – сел сақталады. Аталған жағдай Төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазселденқорғау"ММ-нің қалалық пайдалану техникалық басқармасынің ерекше бақылауында.
Температуралық фонның жоғарлауына байланысты мореналық көлдерді аэровизуалды және жергілікті тексерулерін жиі өткізу жоспарлануда.