2023 жылдың шілде айында Алатау ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат

2023 жылдың шілде айында Алматы қаласы ТЖД Алатау ауданы бойынша (бұдан әрі-басқарма) 6 өрт тіркелді.

Бүгінгі таңда Алатау ауданының аумағында 40 085 жеке тұрғын үй орналасқан, оның ішінде 39425 қатты отынмен газдандырылған 660 үй жылытылады.

Ағымдағы жылдың шілде айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын және басқа да бағыттарды насихаттау бойынша жарияланымдар мен бейнесюжеттер шығарылды, оның ішінде: теледидар арқылы – 14,  395сөз сөйлеу, адамдар көп жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыш байланыс арқылы, радиостанцияларда сөз сөйлеу және 2278 материал баспасөзде, әлеуметтік желілерде материал орналастырылды.

11 шілде күні Алатау ауданы Төтенше жағдалар басқармасының қызметкерлері балалардың терезеден құлау қауіпін болдырмау мақсатында  «Евразия» телеканалымен Зерделі көп қабатты тұрғын үйдегі адамдармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар Алатау ауданының қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтар қатарына жататын отбасыға профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

№29,22,23,25,29 қалалық емханалардың және "Алматы қ. психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі болу орталығы" КММ-нің Led экрандарында, сондай-ақ "Алатау" дәстүрлі өнер театрының фойесінде "Безопасность на воде", "Пожароопасный период" күнделікті негізде.

19шілде күні Алатау ауданының қызметкерлері рұқсат етілмеген жерде шомылмау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жалпы су пайдалану қағидаларын және жалпы қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында ТЖ Департаменті жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді.

Алматы қаласының су айдындарында тұрғындардың қаза болуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Lider.kz еріктілермен бірлесіп «Almaty» телеарнасының  қатысуымен Үлкен Алматы өзенінде профилактиқалық рейд және түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

БАҚ кестесі
Дата публикации
29 июля 2023