2023 жылғы I жартыжылдықта АЛМАТЫ қаласының АУМАҒЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ФАКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ-АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

2023 жылғы I жартыжылдықта Алматы қаласының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 288  төтенше жағдай тіркелген (1-кесте), бұл 2022 жылғы кезеңмен салыстырғанда 12%-ға  аз (2022ж. - 327). Бұл ретте 20 адам зардап шекті
(2022ж. – 32, -37%), оның ішінде 11 адам қаза тапты (2022ж. – 11) (2-кесте).

Тіркелген 288 төтенше жағдайдың 282 немесе 98% техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар,  6 немесе 2%  табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сілкінісі).

  282 техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың ішінде:

- 281 өрттер (2022ж. – 318, -12%), 19 адам зардап шеккен  (2022ж. – 21, -9%), оның ішінде 11 адам қаза тапты (2022ж. – 9  адам, +22%);

- 1 ГАҚ жарқылы (2022ж. – 2, -50%), онда 1 адам зардап шеккен (2022ж.–2, -50%), қаза тапқандар жоқ.

Дабыл бойынша 1309  шығу жасалды (2022ж. – 1220,+7%), оның ішінде өрттерге – 281 (2022ж. – 318, -12%), авариялық-құтқару жұмыстарына – 63 (2022ж. – 64, -1%), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 812 (2022ж. – 675, +20%),  халықтың қырағылығына – 120 (2022ж. – 139, -14%), облысқа – 33 (2022ж. – 23, +43%). 30 адам құтқарылды (2022ж. – 124,-4 есе), 207 адам қауіпсіз жерге көшірілді (2022ж. – 226, -8%).

 

Дата публикации
03 июля 2023