2023 жылдың мамыр айында Алматы қаласының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 240 төтенше жағдай тіркелген (1-кесте), бұл 2022 жылғы кезеңмен салыстырғанда 11%-ға аз (2022ж. - 270). Бұл ретте 16 адам зардап шекті
(2022ж. – 26, -38%), оның ішінде 9 адам қаза тапты (2022ж. – 9) (2-кесте).
Тіркелген 240 төтенше жағдайдың 234 немесе 98% техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, 6 немесе 2% табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сілкінісі).
234 техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың ішінде:
- 233 өрттер (2022ж. – 264, -11%), 15 адам зардап шеккен (2022ж. – 19,-21%), оның ішінде 9 адам қаза тапты (2022ж. – 7 адам, +29%);
- 1 ГАҚ жарқылы (2022ж. – 2, -50%), онда 1 адам зардап шеккен (2022ж.–2, -50%), қаза тапқандар жоқ.
Дабыл бойынша 1030 шығу жасалды (2022ж. – 1018,+1%), оның ішінде өрттерге – 233 (2022ж. – 262, -11%), авариялық-құтқару жұмыстарына – 56 (2022ж. – 60, -7%), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 621 (2022ж. – 558, +11%), халықтың қырағылығына – 98 (2022ж. – 119, -18%), облысқа – 22 (2022ж. – 18, +22%). 16 адам құтқарылды (2022ж. – 114,-7 есе), 152 адам қауіпсіз жерге көшірілді (2022ж. – 218, -30%).