Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері, C-SV-13 санаты, 20 бірлік.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, индекс 050040, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 132,
e-mail: ok_spasr_alm@emer.kz;okr.almaty@mail.ruтел: 261-28-92, азаматтық қорғау органдарының төмендегі бос лауазымдарына іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.

Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері, C-SV-13 санаты, 20 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 168 440 теңгеден 227 212теңгеге дейін.

Негізгі лауазымдық нұсқаулығы: Өрт сөндіру машиналарының жүргізушісіне мынадай міндеттер жүктеледі: бөлімнің шығу ауданын, өту жолдарын, бөлімнің шығу ауданында су көздерінің орналасуын білу; тактикалық-техникалық сипаттамаларды, құрылғылардың мақсатын, өрт сөндіру автомобильдері мен басқа да өрт және авариялық-құтқару техникасының жұмыс істеу принципін, жұмысын және қызмет көрсету тәртібін білу; барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білу; өрт сөндіру автомобильдерін қызмет өткеру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын сақтау; автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді техникалық жай-күйін тексеру, сапалы, уақтылы орындау; сақтау қағидаларын және оларды қолдану тәртібін сақтау; гараж жабдығын пайдалану қағидаларын сақтау, өрт сөндіру автомобильдерін пайдалану бойынша негізгі пайдалану-техникалық құжаттарды ресімдеу.

Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» заңының 8 бабына сәйкес қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

Лауазымның талаптары: жасы - 18 ден 35 жасқа дейін, толық орта білім бар, «B,С немесе жаңа үлгі бойынша B,С, В1, С1» санаттағы жүргізуші куәлігі.

Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, (наториалды куәландырылған);

4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;

5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

9) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;

10) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

Құжаттарды толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Іріктеуге қатысушылардың құжаттары қабылдау хабарландыру жарияланғанан сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Қонаев көшесі 132, анықтама үшін: 8 (727) 261-28-92, e-mail: www.dchs_alm@emer.kz, мекен-жайында («Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі кадр саясаты бөлімі) жергілікті сағатпен 09.00- ден бастап 18.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

______________________________ бастығы

(азаматтық қорғау органының атауы,

______________________________________

атағы, тегі, аты, (әкесінің аты болған кезде)

 

 

Лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға

өтініш

 

 

Мені ________________________________ лауазымына орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларымен және одан өту шарттарымен, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерімен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

Қоса беріліп отырған құжаттар:

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

Мекенжайы: _____________________________________________________

Байланыс телефондарының нөмірлері: ________________________________

e-mail: __________________________________________________________

ЖСН: __________________________________________________________

          _______________________________________________________________

            (қолы)           (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

«____» _______________ 20__ жыл.

Дата публикации
11 мая 2023