2023 жылдың сәуір айында АЛМАТЫ қаласының АУМАҒЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ФАКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ-АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

2023 жылдың сәуір айында Алматы қаласының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 205  төтенше жағдай тіркелген (1-кесте), бұл 2022 жылғы кезеңмен салыстырғанда 4%-ға  аз (2022ж. - 214). Бұл ретте 15 адам зардап шекті
(2022ж. – 21, -29%), оның ішінде 9 адам қаза тапты (2022ж. – 8, +13%) (2-кесте).

Тіркелген 205 төтенше жағдайдың 199 немесе 97% техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар,  6 немесе 3%  табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сілкінісі).

  199 техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың ішінде:

- 198 өрттер (2022ж. – 207, -4%), 14 адам зардап шеккен  (2022ж. – 14), оның ішінде 9 адам қаза тапты (2022ж. – 6  адам, +50%);

- 1 ГАҚ жарқылы (2022ж. – 2, -50%), онда 1 адам зардап шеккен (2022ж.–2, -50%,), қаза тапқандар жоқ.

 

Дабыл бойынша 805  шығу жасалды (2022ж. – 819, -2%), оның ішінде өрттерге – 198 (2022ж. – 207, -4%), авариялық-құтқару жұмыстарына – 30 (2022ж. – 49, -39%), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 480 (2022ж. – 447, +7%),  халықтың қырағылығына – 78 (2022ж. – 102, -24%), облысқа – 19 (2022ж. – 14, +36%). 15 адам құтқарылды (2022ж. – 43,-65%), 142 адам қауіпсіз жерге көшірілді (2022ж. – 204, -30%).

Дата публикации
12 мая 2023