2023 жылдың I тоқсанында Алматы қаласының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 171 төтенше жағдай тіркелген (1-кесте), бұл 2022 жылғы кезеңмен салыстырғанда 10%-ға көп (2022ж. - 156). Бұл ретте 12 адам зардап шекті
(2022ж. – 17, -29%), оның ішінде 8 адам қаза тапты (2022ж. – 6, +33%) (2-кесте).
Тіркелген 171 төтенше жағдайдың 167 немесе 98% техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, 4 немесе 2% табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сілкінісі).
167 техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың ішінде:
- 166 өрттер (2022ж. – 150, +11%), 11 адам зардап шеккен (2022ж. – 12, -8%), оның ішінде 8 адам қаза тапты (2022ж. – 5 адам, +60%);
- 1 ГАҚ жарқылы (2022ж. – 2, -50%), онда 1 адам зардап шеккен (2022ж.–2, -50%,), қаза тапқандар жоқ.
Дабыл бойынша 577 шығу жасалды (2022ж. – 567, +2%), оның ішінде өрттерге – 166 (2022ж. – 150, +11%), авариялық-құтқару жұмыстарына – 24 (2022ж. – 31, -22%), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 315 (2022ж. – 296, +6%), халықтың қырағылығына – 59 (2022ж. – 81, -27%), облысқа – 13 (2022ж. – 9, +11%). 14 адам құтқарылды (2022ж. – 33,-57%), 142 адам қауіпсіз жерге көшірілді (2022ж. – 127, +12%).