Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін арттыру бойынша Түрксіб ауданы ТЖБ негізгі қызметі, өрт-алдын алу жұмыстары Алматы қаласы ТЖД жұмыс жоспарына, ҚР ТЖМ, Алматы қаласы ТЖД бастығының өкімдері мен бұйрықтарына сәйкес жүргізілді.
Түрксіб ауданының аумағы 75,7 шаршы км. халқы-238447 адам.
Нысандарды өрт-техникалық тексеру.
Түрксіб ауданының аумағында 10102 (2022 ж. - 2041) нысандар тіркеліп, есепке алынды, оның ішінде жоғары тәуекел дәрежесі – 532 (2022 ж.-666), орта тәуекел дәрежесі 129 және төмен тәуекел дәрежесі 9441 (2022 ж.-1375).
2023 жылғы наурызда басқарманың инженерлік-инспекторлық құрамы 22 объектіде субъектіге барып профилактикалық бақылау бойынша тексерулер жоспарланды және жүргізілді.
Өрттерге әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол берген 17 адамға қатысты ескерту және айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды, ҚР ӘҚБК-нің 410-бабы бойынша 17 әкімшілік жаза қолданылды: оның ішінде 1– бөлігі бойынша ескерту – 12 және 3-і бөлігі бойынша 5 әкімшілік айыппұл жалпы сомасы 120 750 теңгеге салынды.