Жетісу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы 2022 жылдың 4 наурызында "Көктем-2022" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде практикалық оқу-жаттығу өткізгенін хабарлайды. Жетісу ауданы ТЖБ қызметкерлері Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен және Жетісу ауданы әкімі аппаратының "АБС ЛД-Строй" ЖШС мердігерлік ұйымы және "Алинур Грин Лайм" ЖШС мердігерлік ұйымымен бірлесіп Гамарник көшесі 2 үй маңынан бастап 300 метр қашықтықта су басуы мүмкін жерлердегі Есентай өзен арнасын қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша жұмыстар жүргізді.
Жетісу ауданы әкімінің аппараты – 2 адам, 1 бірлік тех., Жетісу ауданының ТЖБ - 2 адам, 1 тех., "АБС ЛД-Строй" ЖШС мердігерлік ұйымы және "Алинур Грин Лайм" ЖШС мердігерлік ұйымы (1 тиегіш, 1 бірлік самосвал), 8 адам жұмысшы тартылған. 300 м өзен арнасы қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, 35 текше метр ҚТҚ шығарылды.
№137 жалпы білім беретін мектептің акт залында (Айнабұлақ-2 ықшамауданы, 65 А) Жетісу аудандық ТЖ басқармасы Жетісу ауданының білім бөлімімен бірлесіп, Дүниежүзілік АҚ күніне орай Жетісу ауданының өрт сөндіру бөлімдерінің өрт сөндірушілері, жалпы білім беру саласындағы санатталған объектілердің қызметкерлерін құттықтау бойынша салтанатты іс-шара ұйымдастырды. мектеп, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ Жетісу ауданының "АҚ саласындағы үздік мектепті" марапаттау іс-шарасы өткізілді. Іс-шарада ТЖ саласындағы жадынамалар, брошюралар мен қолдан жасалған бұйымдар, балабақшалардың суреттері көрмесі, АҚ күніне арналған бейнероликтер көрсетілімі, АҚ күніне арналған білім бөлімінің көрнекі жұмыстары, №148 мектеп-гимназиясының қатысуымен спорттық эстафеталар (алғашқы медициналық көмек көрсету, газқағар кию, өрт сөндірудің алғашқы құралдарын пайдалану) ұйымдастырылды. Іс-шара аяқталғаннан кейін Мамандандырылған жасақтың АЦ-8-70 өрт сөндіру машинасының техникасын көрсету және ТЖ саласындағы жадынамалар, брошюралар, журналдар, әдістемелік ұсынымдар тарату ұйымдастырылды.
Қамтылған қызметкерлер саны 42, 75 оқушы.
Жетісу ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары үшін азаматтық қорғаныс күніне орай 8-ӨСБ, 12-ӨСБ өрт сөндіру бөлімшелерінде "Ашық есік күні" өткізілді. Іс-шарада оқушылар өрт сөндіру қызметінің жұмысымен танысып, өрт техникасы мен өрт инвертарын зерттеді. Өрт сөндірушінің киімін кию бойынша нормативтерді орындады. Және өрт сөндіру саласындағы барлық сұрақтарға жауап алды.
Жетісу ауданының ТЖ басқармасы Жетісу ауданы әкімінің аппаратында "Жер сілкінісі кезінде басшы, командалық құрам мен қызметкерлердің іс-әрекеттері" тақырыбында сейсмикалық жаттығу жүргізді. "Назар аударыңыз" сигналы бойынша әкімдіктің барлық қызметкерлері ғимараттан шығып, ашық қауіпсіз алаңға жиналды, Басқармамен жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл бойынша нұсқаулық және Қызыл жарты ай еріктілері дабыл чемоданын ұстау бойынша нұсқаулық өткізді. Сондай-ақ жер сілкінісі кезіндегі жадынамалар мен брошюралар таратылды. Оқу-жаттығуға 53 адам қатысты.
2021-2022 жж. жылыту маусымында адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Алматы қаласы ТЖД Жетісу аудандық ТЖ басқармасы Жетісу ауданы әкімдігімен, Жетісу ауданының ПБ және Қызыл Жарты ай еріктілерімен бірлесіп Жетісу ауданында тұратын халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 3 отбасына"Улы газдан сақтан" және "Көмек қолы" акциясы аясында улы газ датчигі орнатылды, сондай-ақ пеш конструкциясындағы жарықтарды бітеу жұмыстары жүргізілді . Әкімдік қызметкерлері орталық газбен жабдықтауға жеңілдікті негіздерде қосу мәселесін қарастырды.