2023 жылдың наурыз айында Алатау ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 2023 жылдың наурыз айында Алматы қаласы ТЖД Алатау ауданы бойынша (бұдан әрі-басқарма) 2 өрт тіркелді.

Бүгінгі таңда Алатау ауданының аумағында 40 085 жеке тұрғын үй орналасқан, оның ішінде 39425 қатты отынмен газдандырылған 660 үй жылытылады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын және басқа да бағыттарды насихаттау бойынша  жарияланымдар мен бейнесюжеттер шығарылды, оның ішінде: теледидар арқылы – 5,   сөз сөйлеу,  113 адамдар көп жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыш байланыс арқылы, 210 радиостанцияларда сөз сөйлеу және 143 материал баспасөзде, әлеуметтік желілерде  материал 125 орналастырылды.

2023 жылғы наурыз айында "балалардың терезеден құлауы" тақырыбында профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша балалардың хабардар болуын арттыру бойынша профилактикалық іс-шараралр өткізілді.

Сондай-ақ, басқарма ағымдағы жылдың  1 наурызда Алатау ауданында ойын сауық кешенінде, жалпы білім беретін мектептерде сейсма жаттығулар өткізілді. Жалпы адам саны 3100. Жаттығу кезінде жер сілкінісі кезінде орындалуы керек әрекеттер нақты көрсетілді. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға "32 қарапайым қадам"жадынамалары табысталды,

Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен ақпараттандыру мақсатында:         №82,160,164,180,182,204,205,179,156,184,185 профилактикалық жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда:, сондай-ақ үгіт-түсіндіру жұмыстары. М. Ғабдуллин ҚР ТЖМ, Қысқы кезең, жұқа мұз, қар көшкіні, Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі. Жалпы қамту шамамен 1780 оқушыны құрады. Іс-шара барысында буклеттер мен жадынамалар таратылды.

№29,22,23,25,29 қалалық емханалардың және "Алматы қ. психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі болу орталығы" КММ-нің Led экрандарында, сондай-ақ "Алатау" дәстүрлі өнер театрының фойесінде "жұқа мұз!", "Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі!" күнделікті негізде.

2023 жылдың наурыз айында Алматы қаласы ТЖД қалалық курстарында 28 санат бойынша 109 адам Азаматтық қорғаудың басшы құрамын даярлаудан және қайта даярлаудан өтті.

Дата публикации
29 марта 2023