2023 жылғы наурыз айындағы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының атқарған жұмысы туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 3 айында Алматы қаласының аумағында 162 өрт тіркелді (2022ж.-136, +16%), нәтижесінде 8 адам қаза тапты (2022ж. – 5, -37,5%), 3 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды (2022ж. – 7, -2,3 есе). Өрттен болған материалдық шығын 35 млн. 400 мың теңгені құрады (2022ж.-29 млн. 53 мың теңге, +1,19 есе).

Өрт шықпай көміртегі тотығымен улану салдарынан 0 адам қаза тапты (2022 ж.-0), ал жарақат алғандар саны 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге азайып, 3-тен 6-ға дейін төмендеді.

Тұрғын үй секторында өрттердің жалпы санының 72 немесе 44,5% болды, көліктегі өрттер 39 немесе 24%, ашық аумақтарда 20 немесе 12,5%, 3 өрт немесе 1,8% құрылыс алаңдарында, бақылаудағы объектілерде 28 немесе 17,2% өрт орын алды.

Тұрғын үй секторындағы өрттерге жүргізілген талдау көрсеткендей, 73 өрттің тек 44 жағдайында (өрттердің жалпы санының 27%) өрттер тұрғын үйлерде болған, басқа жағдайларда өрттер шаруашылық құрылыстарында орын алды, өрттің басым көпшілік себебі электр сымдарының ақауы болды.

Бақылаудағы объектілердегі 28 өрттің (2022ж.-21), 12-сі (2022ж.-11) немесе 42,8% - ы тәуекел дәрежесі шамалы объектілерде, 16-сы немесе 57,2% - ы (2022ж. -0) тәуекел дәрежесі жоғары объектілерде орын алды.

Халық арасында және БАҚ-та кең ауқымды ақпараттық-үгіт жұмыстары жүргізілуде, соның нәтижесінде өртте қаза тапқандар саны 33% - ға азайды. БАҚ-та сөз сөйлеу саны 2,5 есеге артып, 13926 құрады (2022ж. – 5494).

Анықтама: ТВ-49 (2022ж. – 36), баспа – 225 (2022ж. – 142), радиоэфир-2045 (2022ж.-704.), дауысты байланыс жүйесі арқылы хабарлау – 11607 (2022ж -4612).

Ақпараттық агенттіктердің интернет-ресурстарына 47 профилактикалық материалдар жіберілді, өртке қарсы тақырыбында 3 брифинг өткізілді. Адамдар көп жиналатын нысандарда 14 бейнеролик әзірленіп және таратылды. 3 түрлі акция өткізіліп БАҚ-та жарияланды.

Мобильді форматтағы «4D қауіпсіздік әліппесі» жандандыратын сурет функциясы бар плакаттар әзірленді. Плакаттар балаларды мектептерде, балабақшаларда, колледждерде, балалар стационарларында, емханаларда оқыту үшін қолданылады, ТЖ вокзалдарында, сауда орталықтарында, қаланың жоғары оқу орындарында және метрополитен станцияларында орналастырылған.

Сонымен қатар, өртке қарсы тақырыпта үгіт-насихат және профилактикалық материалдарды тарату үшін glovo және wolt курьерлік жеткізу қызметтерімен ынтымақтастық орнатылды. Осылайша, азық-түлікті жеткізу кезінде тұрғындарға өртке қарсы тақырыптар бойынша түрлі брошюралар тапсырылады. Барлығы 21 мың 500 дана таратылды.

Офлайн режимде өрт қауіпсіздігі тақырыптары бойынша 2 мың 654 оқушыны қамтитын 87 интерактивті сабақ, сондай-ақ 131-ден астам нұсқама және 41 дәріс өткізілді.

Бақылаудағы объектілерде өрттің алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау мәселесі бойынша объектілердің басшыларымен 24 дөңгелек үстелі өткізілді.

 

* Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде 200 тексеру жүргізілді (2022ж. – 488, -40,9%), оның ішінде 180 объектіні профилактикалық бақылау және қадағалау (2021ж. – 307, -41,3%), 20 жоспардан тыс тәртіппен (2022ж. - 181, - 88,9%).

Жоспарланған 777 нысанның 180-і тексерілді, бұл жоспардың орындалуының 23,2% құрайды. Тексеру нәтижелері бойынша 180 тексеру бойынша 3362 (2022 ж. – 3267, +2,8%) бұзушылық анықталды, бұл бір тексеруге орташа есеппен 19 бұзушылықты құрайды (2022 ж. 11 бұзушылық). Әкімшілік жауапкершілікке 89 адам тартылды (2022 ж. – 335, +73%), оның ішінде: ескерту түрінде – 55, айыппұл түрінде-34, салынған ақшалай айыппұлдар сомасы 879 мың 750 теңгені құрады, айыппұлдарды өндіріп алу 88,2% - по құрайды, 4 әкімшілік айыппұл бойынша ерікті төлем мерзімі таусылған жоқ.

* Қаланы өртке қарсы сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, қалада 8095 көше өрт гидранттары орналасқан, шаруашылық жүргізу объектілері 2600 өрт гидранттарымен және 496 өрт су айдындарымен қорғалған.

Дата публикации
29 марта 2023