2023 жылғы наурыз айындағы Төтенше жағдайларды жою басқармасының атқарған жұмысы туралы ақпарат

ҚР ТЖМ ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес 02-03 наурызда Алматы қаласында «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.

«Тасқын-2002» сигналы бойынша ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары топтамасы Медеу ауданындағы «Есентай» өзеніне жедел шығу жүзеге асырылды. 1 шақырымнан асатын «Есентай» өзенінің түбін тереңдету, мұз ойықтарымен қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген жұмыстардан кейін су өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді және жалпы тұрғын халқының саны 130 адамнан асатын 57 жеке тұрғын үйді су басу қауіпін жояды.

         Оқу-жаттығу шеңберінде Медеу ауданы, №77 жалпы білім беру мектебіне әкімшіліктің пунктін, Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын (Алматы қаласының құтқару қызметі, Қоғамдық тәртіптік қорғау қызметі, Сауда және тамақтану қызметі, Көлік қызметі), Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамының волонтерлерін тарта отырып, Алматы қаласының Медициналық аппаттар орталығымен  баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдау пункті ашылды.

Зардап шеккен халықты орналастыруға және демалуға арналған үй-жайлар, асхана, ана мен бала бөлмесі, көмендант, психолог кабинеті, сондай-ақ пункті қоғамдық тәртіпті қорғаумен қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету көзделді.

Халықтың бірінші кезекте тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдау пукті азық-түлікпен, жылы киіммен, төсек-орын жабдықтарымен және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ зардап шеккендерді тасымалдау жағдайына арналған автокөлігін және пункт аумағында жылжымалы далалық ас үй элементтері және температуралық режимді ұстап тұруға арналған жабдығын, зардап шеккендерді орналастыру үшін шатырлы лагері орналастырылды.

«Сайран» өзенінде қаланың азаматтық қорғау қызметі мемлекеттік жүйесінің, ТЖМ бағынысты және аумақтық бөлімшелерінің сусорғыш құралдары тексерілді.

Сонымен қатар, қаланың 7 ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін ҚТҚ мен бұтақтардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Оқу жаттығуға жеке құрамның 30 адамнан тұратын ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкері, жеке құрамның 100 адамнан тұратын ҚР «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкері, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, ҚР ТЖМ волонтерлік ұйымдары мен аумақтық бөлімшелері және жалпы саны 341 адам мен 89 арнайы және инженерлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу аясында өзендері мен каналдардың арналарының 54 шақырым тазартылып, 640 кубметрден астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Жалпы алғанда Алматы қаласы  ТЖД басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару құрамалары мен бөлімшелері көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жою іс-қимылына дайындығын көрсетті.

Оқу-жаттығу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.

Дата публикации
28 марта 2023