Алматы қаласы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы ағымдағы айда табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардығ алдын алу мәселелері шеңберінде азаматтардан келіп түскен өтініштер бойынша 8 комиссиялық шығуды жүзеге асырды. Өтініштерді сапалы қарау үшін «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің, қала құрылысын бақылау басқармасының, Алматы қаласының және қоршаған орта басқармасы, аудан әкімдіктерінің және т. б. мамандары тартылды.
Сонымен қатар, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың наурызында 2 профилақтикалық қар массасын түсіру жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2400 текше метрден астам қар түсірілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 17 наурызда Алматы қаласының әкімі Е. А. Досаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында азаматтық қорғау қызметкерлерінің Алматы қаласының аумағында болуы мұмкін жойқын жер сілкінісіне дайындығы туралы мәселе талқыланды.
Отырыста атап өтілгендей, 2022 жылы Алматы қаласында су тасқынының алдын алу және жою бойынша жүйелі мониторингті ұйымдастыру және шаралар әзірлеу мақсатында 102 су тасқыны қауіпті учаске анықталды.
Авариялық-қалпына келтіру жұмыстары шеңберінде бүгінгі күні 49 учаскедегі тәуекелдер жойылды, 7 учаскедегі жұмыстар жалғасуда, олар ағымдағы жылдың наурыз айының соңына дейін аяқталады. Қалған 46 учаскедегі тәуекелдерді жоюды Алматы қаласын дамыту Бағдарламасы шеңберінде - қаланың барлық бөліктерінде 376 км арық желілерін салу және реконструкциялау жолымен жүзеге асыру жоспарлануда.