2022 жылдың ақпан айында Алматы қаласының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 137 төтенше жағдай тіркелген, бұл 2022 жылғы кезеңмен салыстырғанда 44%-ға көп (2022ж. - 95). Бұл ретте 12 адам зардап шекті
(2022ж. – 11, +9%), оның ішінде 8 адам қаза тапты (2022ж. – 5, +60%).
Тіркелген 137 төтенше жағдайдың 91 немесе 98% техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, 3 немесе 2% табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сілкінісі).
91 техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың ішінде:
- 133 өрттер (2022ж. – 93, +43%), 11 адам зардап шеккен (2022ж. – 10, +10%), оның ішінде 8 адам қаза тапты (2022ж. – 5 адам, +60%);
- 1 ГАҚ жарқылы (2021ж. – 1), онда 1 адам зардап шеккен (2022ж. – 1), қаза тапқандар жоқ.
Дабыл бойынша 367 шығу жасалды (2022ж. – 391, -6%), оның ішінде өрттерге – 133 (2022ж. – 93, +43%), авариялық-құтқару жұмыстарына – 14 (2022ж. – 12, +17%), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 171 (2022ж. – 218, -21%), халықтың қырағылығына – 40 (2022ж. – 64, -37%), облысқа – 9 (2022ж. – 4,+2,2 есе ). 14 адам құтқарылды (2022ж. – 33,-57%), 135 адам қауіпсіз жерге көшірілді (2022ж. – 127, +6%).