Құтқарушылардың қызметі өте көп қырлы және жедел ден қою мен адамдардың денсаулығы мен өміріне әсер ететін шешімдер қабылдау қажет болатын жағдайлармен байланысты.
Психологиялық қызметтің міндеті - эмоционалдық-психологиялық күйзелу синдромының, атап айтқанда жанжалды жағдайлар мен суицидтік көріністердің пайда болуына әсер ететін факторлар мен себептерді уақтылы диагностикалау, анықтау қызметкерлерге психологиялық көмек көрсету болып табылады.
Осыған орай, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің психологтары қызметкерлерді мониторингтік психодиагностикалық тексеруден өткізіп, команда құру бойынша тренингтер өткізді.
Тренингтер барысында психологиялық қиындықтарды жеңу үшін қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын нығайту, стандартты емес тапсырмаларды шешу, топ құру, эмоционалдық тұрақтылықты, байқағыштықты және басқа да қасиеттерді қалыптастыру әдістерін қолданды.
Жыл басынан бері Департаменттің жеке құрамының 50%-дан астамы сараптамадан өтіп, тестілеу қорытындысы бойынша әрбір қызметкерге жеке ұсыныстар берілді.
Департаменттің жеке құрамына психологиялық қолдау көрсету бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Алматы қаласы ТЖД ПҚТ