Өрт сөндіруші-құтқарушы-47 C-SV-13 санатына сәйкес.

Өрт сөндіруші-құтқарушы-47 C-SV-13 санатына сәйкес.

Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: өрттерді сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезінде арнайы жұмыстарды жүзеге асыру, адамдарды құтқару және материалдық құндылықтарды эвакуациялау бойынша жұмыстарды жүргізу, жауынгерлік кезекшілік кезеңінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша қағидаларды сақтау, бөлімше мүлкін таза және тұрақты әзірлікте ұстау, өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықты, жеке жарақты, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, мотоциклге техникалық қызмет көрсетуді уақтылы орындау; Өрт-техникалық; жабдықты пайдалану қағидаларын сақтау, өрт мотоциклдерін пайдалану бойынша негізгі пайдалану-техникалық құжаттарды ресімдеу.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 94325 теңгеден 127418 теңгеге дейін.

Негізгі талаптар: жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, толық орта білім міндетті.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, (наториалды куәландырылған);

4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;

5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

9) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;

10) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

Құжаттарды толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттары қабылдау хабарландыру жарияланғанан сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Қонаев көшесі 132, анықтама үшін: 8 (727) 261-28-92, e-mail: www.dchs_alm@emer.kz, мекен-жайында («Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі кадр саясаты бөлімі) жергілікті сағатпен 09.00- ден бастап 18.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

______________________________ бастығы

(азаматтық қорғау органының атауы,

______________________________________

атағы, тегі, аты, (әкесінің аты болғанкезде)

 

 

Лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға

өтініш

 

 

Мені ________________________________ лауазымына орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларымен және одан өту шарттарымен, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерімен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.

Қоса беріліп отырған құжаттар:

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

Мекенжайы: _____________________________________________________

Байланыс телефондарының нөмірлері: ________________________________

e-mail: __________________________________________________________

ЖСН: __________________________________________________________

          _______________________________________________________________

            (қолы)           (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

«____» _______________ 20__ жыл.

 

Дата публикации
13 января 2023