2022 жылы АЛМАТЫ қаласының АУМАҒЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ФАКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ-АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

2022 жылы Алматы қаласының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 732  төтенше жағдай (COVID-19 есепке алмағанда) тіркелген, бұл 2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда 5%-ға аз (2021ж.-770). (1-кесте)

Бұл ретте 77 адам зардап шекті (2021 ж. - 76 адам), бұл өткен жылмен салыстырғанда 1%-ға артық, қаза тапқандар саны 13 адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есеге аз (2021 ж. - 27 адам). (кесте 2).

Анықтама:

 77 адам зардап шекті, оның ішінде:

 - 52 адам өрттен (2021ж. – 56 адам);

- 16 адам ГАҚ жарқылынан (2021ж. – 9 адам);

- 4 адам күшті әсер ететін улы заттардың шығуымен болған авария салдарынан (2021ж. – 0 адам);

- 3 адам қар көшкінінен (2021ж. – 0 адам);

- 2 адам дауылды жел салдарынан (2021ж. – 0 адам);

- 0 адам ұшақ апатынан (2021ж. – 6 адам);

- 0 адам су айдындарында батып кеткен (2021ж. – 5 адам);

13 адам қаза тапты, оның ішінде:

 - 11 адам өрттен (2021ж. – 12 адам);

- 2 адам қар көшкінінен (2021ж. – 0 адам);

- 0 адам ГАҚ жарқылынан (2021ж. – 1 адам);

- 0 адам ұшақ апатынан (2021ж. – 4 адам);

- 0 адам су айдындарында батып кеткен (2021ж. – 5 адам).

 

Есепті кезеңде 732 төтенше жағдай тіркелді, оның ішінде 725 немесе 99% техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар,  7 немесе 1%  табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.

Тіркелген 725 техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың ішінде:

- 714 өрттер немесе 98% (2021ж. – 708, - 11%); 

- 10 ГАҚ жарқылы жағдайы немесе 1,3%  (2021ж. – 6, +67%);

- 1 күшті әсер ететін улы заттардың шығуымен болған авария жағдайы немесе 0,7% (2021ж. – 0).

 

Тіркелген 7 табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың ішінде:

– 3 жер сілкінісі (2021ж. – 0);

– 2 қар көшкіні (2021ж. – 0);

– 1 көшкін (2021ж. – 0);

– 1 дауылды жел (2021ж. – 0).

 

Дабыл бойынша 2977  шығу жасалды (2021ж. – 3035, -2%), оның ішінде өрттерге – 714 (2021ж. – 758, -6%), авариялық-құтқару жұмыстарына – 139 (2021ж. – 121, +15%), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 1769 (2021ж. – 1802, -2%),  халықтың қырағылығына – 279 (2021ж.–309,  -10%), жалған қоңырауларға – 1 (2021ж. – 0), облысқа – 66 (2021ж.-45, +47%),  дабылдың іске қосылуы– 9 (2021ж. – 0). 154 - адамды құтқарылды (2021ж. – 101,+52%), 675 - адамды қауіпсіз жерге көшірді (2021ж. – 263, +2,5 есе).

 

 

 

Дата публикации
04 января 2023