Академияға күндізгі оқу түрі бойынша оқуға түсу шарттары:
- Қазақстан Республикасының азаматтары (ер балалар мен қыз балалар);
- орта білімі бар;
- он алты жасқа толған;
- денсаулығы бойынша əскери қызметке жəне оқуға жарамды азаматтар қабылданады.
Академияға қабылдау медициналық, дене шынықтыру жəне психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сəйкес конкурс бойынша жүргізіледі.
Азаматтарды күндізгі оқу түріне қабылдау 4 кезеңнен тұрады:
ҰБТ тапсыру үшін пəндер тізімі:
Бейінді пəндер:
Академияға оқуға түсу шарттары:
Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді. Оқу мерзімі - 4 жыл. Ер балалар 1 курстан 3 курсқа дейін Академия жатақханасында, 4 курста өз есебінен жатақханадан тыс жерде Көкшетау қаласында тұрады, ал қыз балалар барлық 4 курс өз есебінен жатақханадан тыс жерде Көкшетау қаласында тұрады. Білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.
Барлық сұрақтар бойынша 274-25-13, 394-57-45 нөмірлеріне хабарласуға болады.