Алматы қаласының азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілерінің (объектілерінің) тізбелерін бекіту туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР

ДЕПАРТАМЕНТІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

                     ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

                 «ДЕПАРТАМЕНТ ПО ЧРЕЗВЫЧАЙНЫМ

СИТУАЦИЯМ ГОРОДА АЛМАТЫ

МИНИСТЕРСТВА ПО

ЧРЕЗВЫЧАЙНЫМ СИТУАЦИЯМ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

 

 

                БҰЙРЫҚ

      _________________________________

 

                          Алматы қаласы

 

 

                 

                         ПРИКАЗ

                         №_____________________

 

                                               город Алматы

 

 

Алматы қаласының азаматтық

қорғаныс саласындағы бақылаудағы

субъектілерінің (объектілерінің)

тізбелерін бекіту туралы

 

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы
14 желтоқсандағы №300 «Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды - санаттарға жатқызу жөніндегі тізбелерді бекіту туралы» және
2021 жылғы 30 сәуірдегі №198 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелердің регламентін бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Алматы қаласының азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілерінің (объектілерінің) тізбелері бекітілсін:

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған Алматы қаласы ұйымдарының тізбесі;

осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес базасында азаматтық қорғау қызметтері құрылған Алматы қаласы ұйымдарының тізбесі;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылмаған, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары бар Алматы қаласы ұйымдарының тізбесі;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес базасында эвакуациялық жинау пункттері құрылған Алматы қаласы ұйымдарының тізбесі;

  1. Бақылау-қадағалау істерін жүргізу, түзету, есепке алу, сақтау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу журналын уақтылы толтыру жауапкершілігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) Азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлер құрамына жүктелсін:

Алатау ауданы - капитан Қуаныш Мұратұлы Оспанов;

Алмалы ауданы - аға лейтенант Әлішер Нұрланұлы Түтешев;

Әуезов ауданы - подполковник Бекболат Мұхитдинұлы Бұғабаев;

Бостандық ауданы - аға лейтенант Есбол Мирасұлы Сұлтанов;

Жетісу ауданы - капитан Бахдияр Қанатұлы Мұқан;

Медеу ауданы - аға лейтенант Есбол Мирасұлы Сұлтанов;

Наурызбай ауданы - капитан Сандуғаш Амантайқызы Баймұхамбетова;

Түрксіб ауданы - аға лейтенант Әлішер Нұрланұлы Түтешев;

  1. «Алматы қаласының азаматтық қорғаныс саласындағы бақылаудағы субъектілерінің (объектілерінің) тізбесін бекіту туралы» Департамент бастығы міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы №13ҚБПҮ бұйрығы жойылсын.
  2. Департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы (И.Х. Савазов) жылына кемінде екі рет бақылау парағына белгі қоя отырып, бақылау-қадағалау істерінің дұрыс жүргізілуіне тексеру жүргізсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

 

 

Алматы қаласы

Төтенше жағдайлар департаменті

бастығының міндетін атқарушы

полковник                                                                                            Е. Әлібеков

 

Дата публикации
11 января 2023