Негізгі лауазымдық міндеттері: Аудан аумағында мемлекеттік өрт бақылау, әкімшілік іс-жүргізу және өрттерді алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарын ұйымдастырады.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар: Жасы 35 жастан аспаған, мамандықтар бойынша жоғары білімі: өрт қауіпсіздігі; өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі; төтенше жағдайларда қорғау; құрылыс; құрылыс материалдарын, бұйымдарын метконструкцияларын өндіру; электроэнергетика; жылу энергетикасы; радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; механика; есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; құқықтану; құқық; мұнай-газ ісі; автоматтандыру және басқару; стандарттау, сертификаттау және метрология; логистика (салалар бойынша); техникалық физика; көлік құрылысы; әскери іс және қауіпсіздік немесе құрылысшы-техник, құтқарушы, техник, стандарттау жөніндегі техник, заңгер, заң кеңесшісі, жабдықтарды пайдалану және жөндеу жөніндегі техник, техник-жобалаушы, өрт сөндіруші инспектор мамандықтары бойынша арнаулы орта білімі бар.
Іріктеуге мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өткен адамдар, сондай-ақ қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған, кейінге қалдырған азаматтар қатысады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау орны: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 300, «ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) белгіленген нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);
4) белгіленген нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
9) белгіленген нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;
10) белгіленген нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
11) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс өтілі болған кезде);
12) құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну,іріктеу комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурстың сатылы кезеңдері туралы ақпарат Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ресми интернет- ресурсында орналасатын болады.