«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Азаматтық қорғау органдарының жеке құрамымен тәрбие, психологиялық және идеологиялық жұмыстарын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.