Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері, C-SV-13 санаты, 16 бірлік.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, индекс 050040, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 132, e-mail: ok_spasr_alm@emer.kz;okr.almaty@mail.ruтел: 261-28-92, азаматтық қорғау органдарының төмендегі бос лауазымдарына іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.

Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері, C-SV-13 санаты,
16 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 105 244 теңгеден 147 398теңгеге дейін.

Негізгі лауазымдық нұсқаулығы: Өрт сөндіру машиналарының жүргізушісіне мынадай міндеттер жүктеледі: бөлімнің шығу ауданын, өту жолдарын, бөлімнің шығу ауданында су көздерінің орналасуын білу; тактикалық-техникалық сипаттамаларды, құрылғылардың мақсатын, өрт сөндіру автомобильдері мен басқа да өрт және авариялық-құтқару техникасының жұмыс істеу принципін, жұмысын және қызмет көрсету тәртібін білу; барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білу; өрт сөндіру автомобильдерін қызмет өткеру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын сақтау; автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді техникалық жай-күйін тексеру, сапалы, уақтылы орындау; сақтау қағидаларын және оларды қолдану тәртібін сақтау; гараж жабдығын пайдалану қағидаларын сақтау, өрт сөндіру автомобильдерін пайдалану бойынша негізгі пайдалану-техникалық құжаттарды ресімдеу.

Талаптар: жасы - 18 ден 35 жасқа дейін, толық орта білім бар, «B,С немесе жаңа үлгі бойынша B,С, В1, С1» санаттағы жүргізуші куәлігі .

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) белгіленген нысандағы сауалнама;

3) кадр есебі бойынша жеке іс парағы;

4) өз қолымен жазылған және басылған түрде толтырылған өмірбаяны;

5) білімі туралы құжаттардың нотариалдық тәртіппен куәландырылған көшірмелері;

6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі;

8) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс өтілі болған кезде);

9) өлшемі 3х4 төрт фотосуреті;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

11) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралыанықтамасы;

 12) құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

Құжаттарды толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттары қабылдау хабарландыру жарияланғанан сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Қонаев көшесі 132, анықтама үшін: 8 (727) 261-28-92, e-mail: www.dchs_alm@emer.kz,мекен-жайында(«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі кадр саясаты бөлімі) жергілікті сағатпен 09.00- ден бастап 18.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

______________________________ бастығы

(азаматтық қорғау органының атауы,

______________________________________

атағы, тегі, аты, (әкесінің аты болғанкезде)

 

 

Өтініш

 

Мені ______________________________________________________

___________________________________________________бос лауазымы бойынша азаматтық қорғау органдарына қабылдану үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

Маған ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

     

 _________________________________________________

                              (тегі, аты, (әкесінің аты болған кезде), қолы)

                                             20____жылғы «____»____________

Дата публикации
10 ноября 2022