Кәсіби қызметтік даярлық шеңберінде азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы арасында мамандарды тарта отырып сабақтар өткізілді

2022 жылғы 10 маусымда кәсіби қызметтік даярлық шеңберінде азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы арасында мамандарды тарта отырып сабақтар өткізілді.

Жеке құрам арасында суицидтік оқиғаларды болдырмау жөніндегі алдын алу іс-шаралары мақсатында. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында Алматы қаласы ПД емханасының психиатры Екатерина Владимировна Клещева: «Қызметкерлер арасында суицидтің алдын алу қалай ұйымдастырылған және ол неге жұмыс істемейді???» тақырыбын көтерді.

Сондай-ақ, «Террористік қауіп-қатер және жаппай тәртіпсіздік әрекеттері , сондай-ақ атыс қаруын қолдану кезінде жеке құрамның психологиялық дайындығын ұйымдастыру бойынша жұмысты жетілдіру» тақырыбында Алматы қаласы ПД кадр саясаты басқармасының инспектор-психологы полиция капитаны Абишева Асем Даулетовна сөз сөйледі.

Жалпы командалық рухты қалыптастыру және күшейту мақсатында, ұжымды біріктіру, негізгі заңдылықтармен танысу, ұмытып кетудің өзіндік ерекшеліктерін зерделеу, ақпаратты логикалық өңдеу тәсілдеріне оқыту арқылы Алматы қаласы ТЖД психологиялық қызмет тобының бас маманы Д.Т. Советбекова «Коммуникативтік дағдыларға үйрету, ақпаратты тыңдай және тыңдай білу» тақырыбында сабақ өткізді. Тыңдаушылар саны - 62 қызметкер.

Дата публикации
10 июня 2022