ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері қалалық мұражайға барып, «Мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 30 жыл толуына орай көрменің ашылу рәсімін өткізді.
Жеке құрам Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының қорларындағы құжаттармен танысты, көрмеге барлығы 50-ден астам мұрағаттық құжаттар, хаттар мен фотосуреттер кірді, экспозицияның бір бөлігі Алматы тарихы туралы мультимедиялық форматта ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойылды. 2007 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер күні бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін мерекеге айналды. Мемлекеттік рәміздер біздің мемлекетіміздің сабақтастығының көрінісі болып табылады, елдің тәуелсіздігін, патриотизм рухын, халықтың қаһармандығы мен даналығын, болашақтың жарқын мұраттарына деген ұмтылысты білдіретін құндылық бағдарларын бейнелейді.