Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жеке құрамның салтанатты сапқа тұрып, Алматы қаласы ТЖД үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен мемлекеттік әнұран орындалды.
Алматы қаласы ТЖД бастығы Руслан Қасыбаевтың атынан өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Скабаев Айдар ішкі құрамды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, оның біздің мемлекет үшін ерекше маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттік рәміздер күні бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін мерекеге айналды. Мемлекеттік рәміздер ел тәуелсіздігін, патриотизм рухын, халықтың қаһармандығы мен даналығын, болашақтың жарқын мұраттарына деген ұмтылысты білдіретін құндылық бағдарларын бейнелейді.
Салтанатты Іс-шара тақырыптық фильмді көрумен аяқталды.