Балаларды қорғау күніне орай өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің көп балалы қызметкерлеріне мектеп формасының 100 жиынтығы берілді

 

Балалар жылы аясында және балаларды қорғау күні мерекесіне орай көп балалы өрт сөндіруші-құтқарушылардың балаларына арнап жаңа оқу жылына арналған 100 мектеп формаларының жиынтығы берілді.
Азаматтық қорғау старшинасы - Құсайын Айшуақ - көп балалы қызметкер, ол № 11- өрт сөндіру бөлімінде 20 жылдан астам бөлімше командирі болып қызмет етеді, бес баланы тәрбиелеп отырған қамқор әке. Оның айтуынша олар жыл сайын жұбайымен бірге әр балаға мектеп формасын сатып алатын, бұл жолы сатып алудың қажеті жоқ.
"Балаларға жаңа форма өте ұнады. Киім жақсы тігілген, сапалы матадан жасалған, менің ойымша, балаларға мұндай киімде оқуға ыңғайлы болады. Бізге көрсетілген көмек үшін зор алғысымды білдіремін",- деді тәжірибелі өрт сөндіруші.

Алматы қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонындағы өзара көмек көрсету дәстүрі ерте заманнан қалыптасқан. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 80-нен астам көп балалы отбасылары әрдайым ерекше қамқорлықта.

Өз кезегінде Алматы қ. ТЖД басшылығы жеке құрам арасында жағымды моральдық-психологиялық климатты сақтау мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар өткізеді.
Атап айтқанда, балалар күні мерекесі қарсаңында үнемі жауынгерлік дайындық пен төтенше жағдайда көмекке бірінші болып келетін гарнизон қызметкерлерінің 1500-ден астам балалары үшін апта бойы кешенді іс-шаралар өткізілді, құтқарушылар Аллеясында, орталық саябақта суреттер конкурсы ұйымдастырылды. Балмұздақтар таратылып, сыйлықтармен марапатталды , сондай-ақ қуыршақ театры қойылымына және хайуанаттар бағына экскурсия ұйымдастырылды .

Ата-аналар шын жүректен ризашылықтарын білдіріп , еліміздің болашағы - балалар өз кезегінде жақсы оқуға уәде берді.

Дата публикации
01 июня 2022