ТЖ Департаменті, "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" ММ қызметкерлерінің балалары қалалық қуыршақ театрына барды.
"Алладин" спектаклі басталар алдында театр әртістері байқаулар мен билермен шоу ұйымдастырды, содан кейін кішкентай қонақтар өздеріне ұнайтын кейіпкерлермен суретке түсе алды. Балалар атақты ертегінің желісі бойынша қойылған спектакль оқиғаларының дамуын зор ықыласпен тамашалады.
Алматы қаласы ТЖД бастығы Руслан Қасыбаевтың атынан театр директоры Абдрахманов Алмат Амангелдіұлына "Алғыс хат" табысталды. «Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіруші –құтқарушы мамандарына Руслан Әмірзадаұлы басшылық ететін ұжымға үлкен табыстар тілеймін, бұл ең күрделі, бірақ мәртебелі мамандық . Сіздер адамдарды судан, оттан және басқа да төтенше жағдайлардан құтқарасыздар. Біз сіздер үшін әрдайым ашықпыз , келіңіздер, әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз», деп атап өтті театр директоры.
"Бұл керемет шуақты күнде мен планетадағы барлық балаларды құшақтағым келеді. Ересектерге бір нәрсе тілеймін: балаларыңызбен мүмкіндігінше көп уақыт өткізіңіз. Бұл біз оларға бере алатын ең құнды нәрсе. Ал кішкентай бүлдіршіндерге жақсы көңіл-күй мен қамқорлықсыз балалық шақ тілеймін",-деп атап өтті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кадр саясаты бөлімінің инспекторы Алпамыс Иманғали.