Қызметкерлерді толеранттылыққа тәрбиелеу, ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында, Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан халықтары Ассамблеясының "Ирныхас" осетин мәдени ағарту орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қазбек Владимирович Мамсуровпен кездесу өткізілді.
Қазбек Владимирович ұжымға мерекенің топтастырушы мәні, қазақстандық құндылықтарды - тәуелсіздікті, халық бірлігі мен келісімді, әлеуметтік ынтымақтастықты, өзара қолдау, достық дәстүрлерін жаңа ұрпаққа беруді бейнелейтін Қазақстан халқы ассамблеясының 27 жылдық қызметі туралы айтып берді.
Кездесу жылы достық атмосферада өтті