2022 жылдың қазан айында Алматы қаласы ТЖД (бұдан әрі Басқарма) Медеу ауданы бойынша 3 өрт тіркелді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 жағдайға төмен.
2022 жылдың қазан айында улы және табиғи газбен улану жоқ.
Ағымдағы жылдың қазан айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын насихаттау және басқа да бағыттар бойынша 180 шығарылым ұйымдастырылды, оның ішінде теледидар арқылы – 1, адамдар көп жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыш байланыс арқылы-280, LED экранда өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс желісі бойынша және СОО және ТРК ішкі радио желісі бойынша - 250, Радиостанциялар бойынша - 40 шығарылымдар жарық көрді. Мақалаларды басып шығару - 12, әлеуметтік желілерде - 4.
Басқарма қызметкерлері жеке тұрғын үйлерге жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша аудан тұрғындарына жадынамалар тарату арқылы жұмыстар жүргізді.
Сондай-ақ аудан аумағында орналасқан су қоймаларын аралау және рейдтер үнемі жүргізілді. Аудан әқімдігімен бірлесіп су айдындарына белгілер орнатылды.