2022 жылдың қазан айында Алматы қаласы ТЖД (бұданәрі - Басқарма) Алмалы ауданы бойынша 1 өрт тіркелді (2021ж.-5өрт).
Бүгінгі күні Алмалы ауданының аумағында 3495 жеке тұрғын үй орналасқан, оның ішінде 3418 үй газдандырылған, қатты отынмен 77 үй қолдануда.
2022 жылғы 22-ші қазаннан бастап 27 қазанға дейін жеке тұрғын үйлерді нысаналы айналып өтуді өткізу үшін ӨСБ-8 жеке құрамының жиынын ұйымдастырды, ол үйлерде өткен және ағымдағы жылы иелері болмаған (тізім бойынша 19 үй). Жиын барысында этикалық нормаларды сақтау, айналып өту кезінде нысанды киім кию туралы нұсқаулық өткізілді. Сондай-ақ күнделікті өмірдегі ӨҚЕ жадынамалар, түбіршектері мен брошюралар ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
2022 жылғы 22-ші қазаннан бастап 27 қазанға дейін 2022-2023 жылдағы жылыту кезеңіндегі өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарқаттануын азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4-бөлімінің 27-тармағын орындау мақсатында әлеуметтік қорғау органдарының және волонтерлік ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарына кайталап баруы ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың шілде айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын және басқа да бағыттарды насихаттау бойынша 770 жарияланым мен бейнесюжеттер шығару ұйымдастырылды, оның ішінде: адамдар көп жиналатын орындарда дауыс зорайтқыш байланыс арқылы 285 сөз сөйлеу, радиостанцияларда 157 сөз сөйлеу және баспасөзде 8 материал, әлеуметтік желілерде 320 материал орналастырылды.
Азаматтық қорғау саласындағы азаматтар мен балаларды ТЖ жағдайында іс-қимыл жасауға оқыту мақсатында Алмалы ауданының ТЖ Басқармасымен 2022 жылғы қаңтар айы мен шілде айы аралығына арналған Алмалы ауданының АҚ саласында аудан Әкімінің бекітілген жоспарына сәйкес даярлау және біліктілікті арттыру курстарын – 127 адам оқытылды.