2022 жылдың қазан айында Алатау ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің атқарған жұмыстары туралы ақпарат

2022 жылғы қазан айында  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Алатау ауданында (бұдан әрі – Департамент) 9 өрт оқиғасы тіркелді.

Бүгінгі күні Алатау ауданы аумағында 40 085 жеке тұрғын үйлер орналасқан, оның 39 483 қатты отынмен газдандырылды, 602 үй жылытылды.

Ағымдағы жылдың қазан айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын және басқа да бағыттарды насихаттау бойынша 720 жарияланымдар мен бейнероликтер ұйымдастырылды, оның ішінде: теледидарда – 2, 410 адам көп жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыштар арқылы сөз сөйлеу, радиостанцияларда 138 сөз сөйлеу және 43 материал баспасөз, әлеуметтік желілерде 420 материал жарияланған.

2022 жылғы  маусымына арналған «Балалардың терезеден құлауына жол бермеу» тақырыбында балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы хабардарлығын арттыру бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Сондай-ақ кеңсемен ағымдағы жылдың 20 қазан  120 адам қамтылған  №182 Жалпы білім беру  сейсмикалық дайындық жүргізілді. Жаттығу барысында жер сілкінісі кезінде жасалуы тиіс әрекеттер нақты көрсетілді.

2022 жылдың қазан айында Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қалалық курстарында 28 санат бойынша 109 адам Азаматтық қорғаныс басшылығына оқытылды және қайта даярлаудан өтті.

Дата публикации
31 октября 2022