2022 жылдың қазан айында өрт-техникалық тексеруге жататын тәуекел дәрежесі жоғары 24 объекті жоспарланған, ерекше тәртіп бойынша 24 объекті тексерілді.
Жоспардан тыс тәртіпте 20 объект тексерілді, оның ішінде 2 – шағым бойынша, 18-ұйғарымның орындалуын бақылау бойынша.
Басқарма бұқаралық ақпарат құралдарында қазан айында үгіт жұмыстарын баспа басылымдарында – 9 (2021 жылы – 10), радио эфирде – 84 (2021 жылы – 50), радиорубкалар бойынша – 300 (2021 жылы –300), LED трансляциялар – 300, "Instagram" – 2.
Департаменттің қызметі туралы қолайлы қоғамдық пікірді қалыптастыру, сауда ("Mega Center" СОО, "Forum", "Magnum" гипермаркеті, Халыққа қызмет көрсету орталықтары), денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде төтенше жағдайлар кезінде мінез-құлық қағидаларын насихаттау мақсатында мынадай тақырыптарға бейнероликтерді күнделікті ротациялау жүргізіледі: өмірді құтқару - олардың міндеті; тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі; Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер, абайлап жұқа мұз. Сондай-ақ, Бостандық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурстарында басқарманың өрт және ТЖ кезінде халықтың қаза болуы мен жарақаттануын төмендетуге арналған алдын алу жұмыстары бойынша мақалалар орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді.
«Жас құтқарушылар» клубын дайындау іс-шарасы жоспарының 11-тармағын орындау үшін, сондай-ақ "Құтқарушылар күнін" мерекелеу шеңберінде Бостандық ауданының ТЖ Басқармасы азаматтық қорғау органдарының ардагерлерін шақыра отырып, ауданның «Жас құтқарушы» клубтарын тарта отырып дөңгелек үстел өткізді, өткізу барысында ардагерлер ҚР ТЖМ АГЗ - ға түсуге үгіт-насихат жұмыстарын және "Өрт сөндіруші" мамандығын, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын жүргізді, суреттер мен өлеңдер байқауын өткізілді.
Басқарма МӨСБ-1 аумағында М. Мақатаев атындағы №140 мектептің «Жас құтқарушылар» командасымен тренинг өткізді: өрт сөндіру автомобильдерінің ТТХ және өрт-техникалық жарақтандыру, сондай-ақ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.